Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет25/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

ӨТКІЗГІШ ШОҚТАРЫ
Түтіктер, трахеидтер және сүзгіді (електі) түтіктер өсімдіктің денесінде әдетте белгілі бір жүйеде, ерекше комплексті топтарға - өткізгіш шоқтарына жиналады. Шоқтардың төрт түрі болады: жай шоқтар, жалпы шоқтар, күрделі шоқтар және түтікті-талшықты шоқтар.
Жай шоқтар өздерінің құрылысы жағынан ең қарапайымдысы. Олар біртектес гистологиялық элементтерден, не тек трахеидтерден, немесе тек електі түтіктерден тұрады.
Жалпы шоқтар түтіктерден, трахеидтерден және сүзгілі түтіктерден тұрады.
Күрделі шоқтарда өткізгіш ұлпалардан басқа, паренхималық ұлпалар да болады.Түтікті-талшықты шоқтар арқаулық ұлпалармен қоршалған күрделі өткізгіш щоқтың элементтерінен тұрады. Бұл шоқтар ерекше мықты болады.
Шоқты екі бөлікке: ксилемаға және флоэмаға бөледі.
Ксилема (сүрек) түтіктерден, трахеидтерден және сүректік паренхимадан (барлық уақытта емес), сүректік талшықтан (либриформ) тұрады. Ксилемамен су және минералдық заттар тасымалданады.
Флоэма (тін) сүзгілі түтіктерден, серіктік жасушалардан, тін паренхималарынан және (барлық уақытта емес) тін талшықтарынан тұрады. Флоэмамен органикалық зат­тар тасымалданады.
Егерде флоэма мен ксилеманың арасында қамбий болса, онда мұндай шоқты ашық деп атайды. Камбийдің тіршілік әрекетінің нәтижесінде шоқ келешігінде өсіп ұлғаяды. Ашық шоқтар қос жарнақтылар класы мен жалаңаш тұқымдаларға тән. Жабық шоқтарда флоэма мен ксилеманың арасында камбий болмайды, сондықтанда бұлар ұлғаймайды. Жабық шоқтар дара жарнақты өсімдіктерде және ерекше жағдайларда камбий тіршілігін ерте тоқтататын кейбір қос жарнақты өсімдіктерде (мысалы, сарғалдақта) болады. Шоқтар флоэма мен ксилеманың әртүрлі орналасуына қарай классификацияланады (50-сурет). Сонымен, түтікті-талшықты шоқтардың мынадай төрт түрі бар: коллатеральды, биколлатеральды, шеңберлі және сәулелі (радиальды) шоқтар.



49-сурет. Асқабақтың сабағының көлденең кесіндісіндегі өткізгіш шоқ-тың бір бөлігі (А) және қамбийдің жасушаларынан електі түтіктің мүшелерінің дифференциациялануы (Б):
1-електі түтіктің мүшесі; 2-електі табақша; 3-серіктік жасуша; 4-қамбий; 5-торлы-саңылаулы түтік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет