Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы



бет31/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы. Ашық тұқымдылар мен қос жарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп, соның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады (55-сурет). Папоротник тәрізділерде және дара жарнақтылардың басым көпшілігінде тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы сақталады.
Тамырдың алғашқы құрылысының соңғыға ауысуы кезіндегі өзгеріс орталық цилиндрден басталады. Ксилема сәулелері мен флоэма бөлімдерінің арасындағы паренхималык жасушалар меристемалық қасиет білдіріп бөлінеді. Одан соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болады. Ксилема мен флоэманың арасындағы камбий қабаттары әуелде бір-бірінен бөлек орналасады. Көп кешікпей перициклдің протоксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан жасушалары тангентальды бөлініп, камбий кабаттарын бір-біріне қосады. Осыдан алғашқы ксилеманы қоршай орналасқан тұтас камбий сақинасы түзіледі. Камбий қызметінің нәтижесінде алғашқы флоэма сыртқа қарай ығысады. Камбий жасушаларының бөлінуінен пайда болған соңғы флоэма элементтері оның сырт жағына, соңғы ксилема элементтері іш жағына қарай орналасады. Сонымен, флоэманың ұлғаюы сырттан ішке қарай, ксилеманың ұлғаюы іштен сыртқа карай жүреді, соңғы ксилема радиус бойлап емес, коллатералды орналасып, камбий түзуі шеңбер пішініне ие болады. Камбийдің перициклден пайда болған бөлігінен өткізгіш ұлпа элементтері түзілмейді, олардан алғашқы ксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан өзек сәулелерінің паренхимасы қалыптасады. Тамырдың орталығында алғашқы ксилема сәулелері ұзақ уақыт, кейде өсімдік тіршілігінің соңына дейін сақталады.
Тамырдың анатомиялық соңғы кұрылысында алғашқы жабыңдық ұлпа соңғы жабындық ұлпаның тоз қабатымен ауыса­ды. Тоз соңғы түзуші ұлпа феллогеннен пайда болады.
Феллоген перицикл жасушалары бөлінуінің нәтижесінде онда пайда болған жасушалардың сыртқы қабатынан түзіледі. Феллоген — соңғы түзуші ұлпа, оның жасушалары бөлініп, жас жасушалар тобын түзеді. Ол жасушалардан сыртқа қарай тоз — феллема, ішке қарай феллодерма қалыптасады. Нәтижесінде тамырдың перидермасы пайда болады. Тоз ұлпасы эндодерманың астынғы (ішкі) жағынан қалыптасатындықтан, алғашқы кабық орталық цилиндрдің тірі жасушаларымен байланысын үзеді және орталық цилиндрдегі камбийдің қызметінің нәтижесінде пайда болған ұллалар алғашқы қабыққа қысым түсіреді. Соның салдарынан, алғашқы қабық жасушалары өледі, қабық жарылып түседі де, оның орнын соңғы жабындық ұлпа — тоз басады.
Сонымен, анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысу барысында мыңадай кезеңдерді өткерді: 1) фло­эма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы; 2) перициклден феллогеннің пайда бо­луы; 3) алғашқы қабықтың түлеп түсуі; 4) өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынан коллатералдыққа ауысуы.
Тамырдың соңғы құрылымы өсімдік тіршілігінің аяғына дейін сақталады. Тамырдың соңғы құрылымыңың өзіне тән ерекшеліктері бар. Тамырды сырт жағынан тоз жауып тұрады. Жасымықша жабық тұқымдылардың басым көпшілігінде болмайды, болса да жанама тамырларының негізіне жақын жерлерінде ғана кездеседі. Сүректі өсімдіктердің көбісінде тамырлары қыртысталған қабықпен жабылады.
Перидерма ішкі жағында қабық паренхимасымен (соңғы па­ренхимасы) шектеседі. Қабық паренхимасында әр түрлі қор заттары жиналады. Мысалы, сүт жолдары, бөліп шығарушы ұлпа орындары т. б. Эпифиттердің ауа тамырлары мен су өсімдіктері тамырларының қабық паренхимасының жасушаларында шамалы хлоропластар кездеседі. Бұл басқа ортаның өсімдіктерінде болмайды.
Дара жарнақтылар тамырының қабық паренхимасында скле­ренхима талшықтары жиі, ал қос жарнақтыларда сирек. Жыл артқан сайын көп жылдық өсімдіктердің қабық паренхимасының қабықшасы қалыңдайды, кейде сүректеніп кётеді.
Қабық паренхимасына флоэма жанасып еніп жатады. Олар өзек сәулелерімен бөлінеді.
Соңғы ксилема санының жыл санап артуына қарамастан, әсіресе шөптесін өсімдіктердің көп жылдық тамырларында және ағаштарда тамырдың орталығындағы алғашқы ксилема сәулелерінің санын санау арқылы оларды ажыратуға болады. Өзек сәулелерінің саны алғашқы ксилема сәулелерінің санына сәйкес келеді. Қос жарнақтылардың тамырындағы соңғы ксилеманың сабақ ксилемасынан айырмасы тамырда трахея (со­суд) және трахеидалар санының көптігі мен олардың жиі орналасуы, жасуша қабырғаларының жұқалығы түтікшелері қуысының кендігі. Сондай-ақ сүрек ірі жасушалы паренхимаға бай, механикалық талшықтар (либриформ) мұнда аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет