Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Жапырақ бөлімдері (сызба-нұсқасы)



бет34/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

65-сурет. Жапырақ бөлімдері (сызба-нұсқасы):
І - сағақты; ІІ - қондырмалы; ІІІ - жастықшалы; IV - а қынапты; IV - б қобылы; V - бос бөбешік жапырақты; VI - кіріккен бөбешік
жапырақты; VII - қолтық бөбешік жапырақты; 1 - жапырақ тақтасы; 2 - жапырақ негізі; 3 – қынап; 4 - қобы; 5 – бөбешік жапырақтар; 6 - сағақ; 7 - қолтық бүршік; 8 - қыстырма.


Бөбешік жапырақтар негізгі жапырақ тақтасынан гөрі ертерек жетіліп, бүршік жабынының құрамың түзеді. Алайда олар бүршік ашылған кезде түсіп қалатындықтан, оларды ересек өркеннің толық жетілген жапырақтарында кездестіру қиын. Мысалы, жөке ағашы, қайың, емен, мойыл және көптеген ағаштар мен бұталарда солай. Кейбір өсімдіктерде бөбешік жапырақтар кірігіп сабақты қоршап, етіктің қонышы тәрізді қуыс түтік (рас­труб) түзеді. Бұл тарандар тұқымдасының өкілдеріне жататындардың бәріңде кездеседі (мысалы, қымыздық).


Астық тұқымдасының басым көпшілігінде қынаптың жапырақ тақтасына жалғасқан жерінде тілше деп аталатын кішірек жұқа үлпек қабыршақ көрінеді. Осы буындағы жапырақ тақтасының екі бүйірінен сабақты тығыз қаусырған жіңішке екі өскінше жетіледі, бұлар құлақшалар деп аталады. Тілшелер мен құлақшалардың пішіні астық дақылдарында алуан түрлі.
Жапырақ формациялары. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің ішінде әсіресе жапырақ өзінің пішіні, көлемі, реңі, өмір сүруі және т.б. ерекшеліктері жағынан өзгергіш болып келеді. Әлемдегі өсімдіктердің түрлеріне қарай, оның жапырақ пішіндері де алуан түрлі болады.
Жапырақтардың үш формациясы бар: төменгі жапырақ, ортаңғы жапырақ және жоғарғы жапырақ (66-сурет). Төменгі жапырақтар - қорғаныштық немесе қор жинаушы және т.б. арнаулы қызметтер атқаруға бейімделіп, түрін өзгерткен және толық жетілмеген жапырақтар. Сол сияқты тұқым жарнақтарының жапырағы, бүршіктердің жабын қабыршақтары және тамырсабақтар мен жер бетіңдегі өркендердің қабыршақ жапырақтары да төменгі жапырақтар саналады. Ортаңғы жапырақтар - белгілі өсімдік түріне тән нағыз жасыл жапырақтар. Олардың негізгі қызметі - фотосинтез, транспирация (суды буландыру) және ауа алмастыру (тыныстану). Жоғарғы жапырақтарға гүл жапырақтар, гүл жапырақшалар жатады. Бұлар, әдетте, толық жетілмеген және жапыраққа тән қызмет аткармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет