Сабақ тақырыбы: Өмір ағашы Бәйтерек Мектеп: "Сымбат" жеке мектебі Күні



Дата25.08.2017
өлшемі104.78 Kb.
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Өмір ағашы – Бәйтерек

Мектеп: Сымбат жеке мектебі

Күні :




Мұғалімнің есімі: Жұмашева М.Қ

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:оқушылар Бәйтерек туралы аңызбен танысy;




  • Оқушылардың басым бөлігі:.аңыздың мазмұнын айтуды үйренy;

  • Кейбір оқушылар:Бәйтерек монументін сипаттауға дағдыланy.

Тірек сөздер:

монумент – монумент – monument; археолог – археолог – archeologist.

Ресурстар:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті, «Сәуегейлік ағашы» суреті, «Бәйтерекке саяхат» фильмі, «Ботаға көмектес» ойынына арналған үлестірме парақшалар, «Бәйтерек» пазлдары.

Сабақтың мақсаты:

1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бәйтерек туралы түркі аңызы не жөнінде сыр шертеді?
Ерте заманда бүкіл әлем үшке бөлінген деген наным болған. Аспан әлемінде құдайлар, Ортаңғы әлемде адамдар, ал Төменгі әлемде зұлым күштер өмір сүрген деседі. Барлық үш әлемнің арасын Бәйтерек байланыстырған екен. Ағаштың тамырлары жын-перілер әлемінде, ұшар басы Темірқазық жұлдызына дейін жететін құдайлар әлемінде орналасыпты. Бәйтеректің ұшар басында Самұрық құс ұя салып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен әлемді түнек басса, құс жұмыртқаны тағы да салып, қайтадан әлемді тіршілік жайлайды. Ағаштың етегінен әртүрлі өзендер бастау алған екен.
Астана – Бәйтерек монументі. «Бәйтерек»монументі орналасуы мен құрылысы жағынан ертедегі көшпенділердің өмір туралы түсінігін

білдіреді. Олардың әңгімесі бойынша өткен мен бүгіннің арасында өзен ағып жатады екен. Ал өзен жағасында зәулім биік Бәйтерек ағашы өсіп тұрады. Оның тамыры жерді ұстап тұрса, ұшар басы көкті тірейді екен.


Монумент Қазақстанның елордасы Астанада тұрғызылған. Ол Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды.
Монумент Қазақстанның негізгі көрікті және бетке ұстар ғимаратына айналды. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының нышаны болып табылады. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды. Бұл сан елорданы Алматыдан Астанаға ауыстырған уақытты (1997 жыл) білдіреді. Алтын түстес шардың диаметрі 22 метр. Төменгі деңгейі төрт жарым метрге дейін тереңге бойлаған. Ол жерде дәмхана, аквариумдар және суретші Ерболат Төлепбайдың жұмыстары қойылған «Байтерек» шағын-галереясы бар. Ол жерден лифт арқылы жоғарғы бөлік – шарға көтерілуге болады. Онда панорама (жоғарыдан қарағандағы жазықтықтың көрінісі) залы мен бар (жеңіл тамақтанатын шағын мейрамхана) орналасқан.



Сабақты «Бәйтерек туралы аңыздан» бастаңыз. Ол үшін «Сәуегейлік ағашы» стратегиясын қолданыңыз. Бұл тәсіл өз болжамын дәлелдеп, негіздей алуға көмектеседі. «Ағаштың діңі» – бұл тақырып, «жапырақтары» – болжамдар, «сабақтары» – дәлел. Қабілеті жоғары оқушылар аңызда не туралы айтылатыны жөнінде өз болжамдарын жасай алады.
Алдын ала тапсырма берілген оқушылар Бәйтерек туралы түркі аңызын әңгімелесін. «Аңызшылар» Самұрық құс және Айдаһар туралы аңызды айтып береді. Олардың болжамдары аңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.
Оқушылармен бірге аңыз кейіпкерлерін талқылаңыз. Олар кімді мейірімді, ал кімді зұлым кейіпкер деп санайтынын және неліктен олай ойлайтынын айтсын. Оқушылардан Астанадағы монумент неліктен Бәйтерек деп аталатынын сұраңыз. Тақырыпты бекіту үшін «Аңыз кейіпкерлері» тапсырмасын орындатыңыз. Оқушылар «Бәйтерек туралы аңыз» кейіпкерлері Самұрық құс пен Айдаһардың суреттерін бояйды. Суреттердің астына осы кейіпкерлерге сай сөздер жазады. (Самұрық – жақсылық, жарық, күн; Айдаһар
– жамандық, түнек, түн және т.б.).
Аңыз. Оқушылар мәтінді оқып шыққаннан кейінаңыз туралы айтып берулерін сұраңыз. Оқушылар Астанадағы монумент неліктен Бәйтерек деп аталатыны туралы өз бетімен болжам жасай алуы тиіс.
Салыстыр. Оқушылардан фольклорлық өмірағашы мен Астанадағы монумент суреттерін салыстыруды ұсыныңыз. Олар жұпта әр суретке 1-2 сұрақ дайындап, бір-біріне сұрақтар қояды.

Зертте. Оқушыларға «Бәйтерекке саяхат» фильмін көрсетіңіз. Фильмді көріп жатқан уақытта оқушылардың назарын Бәйтеректің әр бөлігіне аудартыңыз. Мұнардың үш бөлігі аңызға сай үш дүниені – жер үсті, жер асты, аспан әлемін білдіретінін түсіндіріңіз. Әр әлемде кімдер мекен еткені туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушылар монументтің әр бөлігінде не орналасқанын өз бетімен жазады.

Жауабы: Төменгі бөлігінде дәмхана, аквариумдар және «Байтерек» шағын-галереясы, ортаңғы бөлігінде панорамалық лифт, ал жоғарғы бөлігінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алақан бедері, ғаламшардан жасалған композиция орналасқан шар.

Оқушылар жұпта суреттерге екі сұрақтан дайындайды. Сұрақтар «неліктен», «қалай», «не үшін» деген сұраулы сөздерден басталуы қажет екенін алдын ала ескертіп қойыңыз. Содан кейін олар өздері дайындаған сұрақтарды бір-біріне қояды.

Монумент туралы мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз. Бұл жерде ғимараттың биіктігі елорданы Алматыдан Астанаға ауыстырған уақытты білдіретінін түсіндіріңіз. Астана қаласында болған және Бәйтерекке барған оқушылар өз алған әсерлерімен бөлісе алады.

Сен білесің бе? Оқушыларға Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсетіңіз. Қазақстан Президенті мен сабақ тақырыбы арасында қандай байланыс бар екенін сұраңыз.



  • Бәйтерек туралы аңызбен танысамыз

  • Бәйтерек монументін сипаттауды үйренеміз

Кең далада зәулім Бәйтерек ағашы өсіпті. Самұрық құс оның ұшар биігіне таңертеңмен алтын жұмыртқа салады екен. Бәйтерек үш дүниені – жерүсті, жерасты, аспан әлемін байланыстырған екен.

Аңыз

  • Бұл аңызды қалай түсіндің?

  • Астанадағы монумент неліктен «Бәйтерек» деп аталады?

Салыстыр

  • Суреттерді мұқият қара.

  • Оларға сұрақ қой.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру





«Ботаға көмектес» ойынын өткізіңіз, себебі бұл бөлімнің қорытынды тақырыбы болып табылады. Барлық тірек сөздерді – ту, әнұран, елтаңба, ауыз әдебиеті, монумент, ақпарат, суретті хат, нумизматика, аңыз, батыр, теңге, президент деген сөздерді қолдануға болады. А4 көлеміндегі қағазға жазылған сөздерді сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қойыңыз. Оқушыларға тірек сөздер «жоғалып кеткенін» айтып, Ботаға сол сөздерді табуға көмектесуін сұраңыз. Оқушылар үш тілде бір мағынаны білдіретін сөздер жазылған үлестірме парақшаларды жинауы тиіс.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. Пәнаралық байланыс жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырмада жүзеге асырылады.

Жаратылыстану. Оқушыларға Бәйтерек шары күн сәулесіне қарай түсі құбылып тұратын «хамелеон» шынысынан жасалғаны туралы ақпарат беріңіз.




Математика. Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға есеп шығаруға ұсыныс беріңіз. Бәйтеректің жұмыс уақыты сағат 10.00-ден бастап 22.00-ге дейін. Бәйтерек қанша уақыт жұмыс істейтінін есепте.
Жауабы: 12 сағат.


Бағалау

Оқушылар
–– «Бәйтерек туралы аңыздың» мазмұнын; –– «Астана – Бәйтерек» монументінің авторын; –– өткен мен бүгін туралы түсінудің әртүрлі


тәсілдерін білді.
Оқушылар
–– сұрақтар қоюға; –– жаңа сөздерді қолдана отырып, аңыздың
мазмұнын айтуға; –– тиісті лексиканы қолдануға;
–– аңыз кейіпкерлерінің суретін салуға үйренді.
Сабақты «Бәйтерек суретін (пазл) құрастыр» тапсырмасымен аяқтаңыз. Суреттің артқы жағына тапсырманы және осы тақырып бойынша сұрақтарды жазыңыз. Сұрақтар:
–– Аңыздың негізгі ойы қандай? (Жақсылық пен жамандық арасындағы күрес).
–– Неліктен Бәйтеректі «Өмір ағашы» деп атайды? (Себебі ол біздің ата-бабамыздың әлем туралы түсінігінің көрінісі).
–– «Бәйтерек» монументі қайда орналасқан? (Астанада).
–– Монументті салу идеясын кім ұсынды? (Елбасы). –– Ғимараттың авторы кім? (Фостер Норман).

–– Неліктен монумент тек Астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның нышаны болып табылады? (Себебі «Бәйтерек» – өз тарихы бар және болашақты гүлдендіруге ұмтылатын мемлекеттің нышаны).



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет