Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет44/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

60-сурет.
Астықтардың түптенуі
А - тығыз түпті бұтақтанған астықтар (аққылтаң), Б - борпылдақ түпті бұтақтанған (қоңырбас, қара бидай); В - тамырсабақты (бидайық); 1 - дән; 2 - ұрық тамырлары; 3 - қосалқы тамырлар; 4 - түптену буыны; 5 - негізгі өркен бірінші ретті өсі; 62, 63, 64, 65 - екінші және одан кейінгі реттердегі өркендер; 7 - тамырсабақ.


Бұтақтану барысында негізгі өске жанама бұтақтардың орналасуы және олардың жетілу ерекшеліктері өркендер жүйесінің сыртқы көріністеріне әсер етеді. Осыған байланысты бұтақтанудың үш нұсқасы ажыратылады. Олар: акротониялы бұтақтану, мезотониялы бұтақтану және базитониялы бұтақтану (бұлардың өтпелі түрі де кездеседі).


Акротониялы (грекше «акрос» — ұшы, «тонос» — күш, қуат) бұтақтануда едәуір қуатты жетілген жанама бұтақтар негізгі (аналық) өркеннің ұшына жақын орналасады. Бұл бұтақтану ағаштарға тән.
Базитониялы бұтақтануда ірі және қуатты жетілген бұтақтар аналық өркеннің негіз жағында орын тебеді. Бұл бұтақтану бұталарға және көп жылдық шөптесін өсімдіктерге тән. Астықтар тұқымдасының түптеніп бұтақтануы базитонияға мысал бола алады.
Мезотониялы бұтақтануда жетілген ірі жанама бұтақтар аналық өркеннің орталық бөлімінде қалыптасады.
Жапырақтардың орналасуы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне тән нәрсе оның өркенінің сабағында жапырақтың болуы. Жапырақсыз сабақтар, мысалы, гүл сидамдар біршама сирек кездеседі.
Жапырақтар сабақта кезектесіп немесе серіппе тәрізді бұралып, қарама-қарсы және шорқтанып орналасады (61-сурет).
Кезектесіп немесе серіппе тәрізді орналасқандарында әрбір буыннан бір ғана жапырақ өсіп шығады. Жапырақтың осылай өсуі едәуір күрделі және жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең таралған. Мұндағы байқалатын зандылық, егер сабақта орналасқан жапырақтарды жіпке тізсе, онда серіппе (спираль) пайда болады және бір немесе бірнеше айналымнан кейін тік бағыттағы түзу сызық бойына екі жапырақ бірінің тұсына екіншісі келеді. Тұспа-тұс жапырақтарды қосатын түзу сызық ортостиха (грекше «ортос» - түзу, «стихос» - қатар) деп аталады. Ортостиха ұштарының аралығында қалған жапырақтар белгілі бір қашықтықта серіппенің бойында болады. Бір ортостиха бойыңдағы екі жапырақ аралығындағы серіппенің айналым саны жапырақ циклі деп аталады.
Кезектесіп орналасқан жапырақтар бірін-бірі көлеңкелемейді. Сондықтан жапырақ тақтасына үнемі күн нұры түсіп, фотосинтез қалыпты жүреді.
Жапырақтар қарама-қарсы өскенде өркеннің әрбір буынынан екіден жапырақ шығады да, олар біріне-бірі қарсы орналасады. Мысалы, қалақай, жалбыз, серігүл, ұшқат, жасмин және басқа өсімдіктерде солай. Қарама-қарсы біткен жапырақтар жапырақ циклін түзеді, яғни екіден орналасқан жапырақтар белгілі бір айналымдардан тұратын серіппе түзіп кезектеседі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет