Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Сүректі өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығы (жыл есебімен)



бет46/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

Сүректі өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығы (жыл есебімен)

Мамонт ағашы (Seqvoia gigantea) 5000 Ақтерек (Populus alba) 300-600


Кипарис (Cupressus fastigiata) 3000 Шамшат (Fagus silvatica) 600-900
Ливан самырсыны (cedrus libani) 3000 Зәйтүн (Olea ешораеа) 700
Тисс (Taxus Baccata) 3000 Кәдімгі қарағай 500
Талшын (Castanea saliva) 2000 Грек жаңғағы (L. regia) 300-400
Арша (Juniperus communis) 2000 Итмұрын (Rosa conina) 400
Емен (Quercus robur) 1200 Алмұрт (Pyrus communis) 300
Шырша (Picea abies) 1200 Алма (Malus domestica) 200
Самырсын қарағай (Pinus sibirica) 1200 Шие (Cerasus avium) 100-400
Жөке ағашы (Tilia gfandifolia) 1000 Жүзім (Vitis vinifera) 80-100
Балқарағай (Larix luropaea) 600


Ағаштардың салыстырмалы биіктігі (метр есебімен)

Эвкалипт (Eucalyptus regnans) 142


Мамонт ағашы (Segvoia gigantea) 95
Самырсын (Abils pestinata) 75
Шырша (Picea abies) 60
Балқарағай (Larix europaea) 53
Қарағай (Pinus L) 50
Ақтерек (Populus alba) 40
Шынар (Platanus orientalis) 30


Лекция 11. Сабақ- өркен өсі

1.Сабақтың морфологиялық құрылысы


2.Сабақтың анатомиялық құрылысы
3.Тамырдың негізгі түр ерекшеліктері

Сабақ - жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшесі, өркеннің өстік (тірек) бөлімі. Сабақ ұшында тебе меристемасының болуына байланысты үнемі ұшынан, сол сияқты кыстырма меристемасынан да өсіп отырады. Тіректік мүшенің тамырдан айырмашылығы, сабақта, жапырақ пен бүршік жетіледі және өсуін теріс геотропизм бағытында жалғастырады.


Сабақ тамыр мен жапырақты байланыстырып тұрады. Сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар (төменгі ағыс жолымен) тамырға қарай, ал тамыр арқылы қабылданған су және онда еріген минералдық тұздар мен органикалық заттар (жоғарғы ағыс жо­лымен) жапыраққа қарай жылжиды. Сабақ бұтақтанып, онда жапырақтың қуатты ассимиляциялық беткейі жетіледі. Ол осы беткейді кеңістікте ұстап тұру, оны жарықка бағьптау қызметін, яғни тіректік қызмет атқарады.
Жоғарыда аталған негізгі қызметтерімен қатар көпжылдық өсімдіктердің сабағында қор заттары жиналады, шөптесін өсімдіктердің сабағында фотосинтез жүреді және көптеген өсімдіктердің сабағы вегетативті көбею мүшесі болып табылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет