3
|
«Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру» қызметін электрондық үкмет порталында онлайн алу ерекшеліктерін, қызмет құны мен уақытын көрсетіңіз.
|
https://egov.kz/cms/kk/services/e_032
Қызметті онлайн алу
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
БСН көрсетіп, өтінімді толтыру немесе бір (немесе бірнеше) төменде келтірілген параметрлер бойынша кеңейтілген іздеуді пайдалану:
ұйымның атауы;
ұйымдастыру нысаны;
ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
басшының ТАӘ;
құрылтайшының ТАӘ.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызмет құны тегін.
Қызмет көрсету мерзімі
Қызметті беруші және порталда - 20 минут ішінде. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде - 1 жұмыс күніне дейін созылу мүмкін.
|