ақпараттандыру саласында: 1) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу;
3) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу;
4) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
5) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеу;
6) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын әзірлеуді қолдап отыру;
7) ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау, талдау және болғызбау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу бойынша жұмыстар;
8) Ақпараттық қауіпсіздікті Ұлттық үйлестіру орталығының келесі міндеттерін және функцияларын іске асыру:
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу;