Әлеуметтік жаңғыртудың нақтылығы мен жүйелілігі Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді.
Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқақызмет етіп, пайда әкелуі тиіс.
Бүгінде әлеуметтік салаға әшейін «түпсіз» қаржылық құюлар маңызды емес.
Қоғамдық қатынастардың, сондай-ақ жалған әлеуметтік бағдарлардың тозған қабаттарынан өздерін азат ету мақсатында заңнамалық, ұйымдастырушылық, көзқарастық, ақпараттық ықпал етудің нақты шаралары қажет.
Жаңғырту егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұжырымдама мен сәйкес жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі индустриялық-инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға негізделген жағдайда ғана табысты болады.
Индустриялық-инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңғырту мүлдем мүмкін емес.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.