Эссенің мазмұны келесідей бағаланады:
Эссеге қойылатын талаптар:
- Бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты (ұстанымын, қатынасын) білдіру
- қоғамтану ұғымдарды сыпайы пайдаланаотырып, мәселелерді теориялық немесе тұрмыстық деңгейде ашу тұрғысынан жауап беру
- қоғамдық өмірдің немесе жеке тәжірибесі фактілеріне сүйене отырып өз ұстанымын дәлелдеуі
- кіріспе
- тезис, дәйектер
- қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады).
- проблема бойынша автордың ойы қысқа тезистер түрінде беріледі;
- автордың ойы дәлелмен нығайтылуы тиіс, сондықтан дәйектеме мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін
- соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін;
- дәйектеме мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін;
- мәселені тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.
Эссенің шиыршық құрылымы
Эссенің структурасы
Эссенің ішкі құрылымы (еркін болуы мүмкін )
- дәйектер,
- қорытынды.
- тезис,
Эссенің әдеби тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады.
Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет.
Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына да, сондай-ақ өз өмірлік тәжірибеге де (жеке әсерлерге, жеке ойларға, білімдерге және т.б.) сүйенумен дәйектеуге болады.
Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық,
әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Эссе тақырыбын қалай таңдау керек?
Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды. Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде мектеп бітіруші көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибеге де (жеке сезімдер, тақырыпқа меншікті ойлар және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.
Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.
- ұзақ кіріспе
- детальдар санының жетіспеушілігі
- мысалдары суреттелмей берілген пайымдаулар
- көпсөзділік
- ұзын сөйлемдер
- ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады
Достарыңызбен бөлісу: |