Эссе жазуға қойылатын талаптар: материалды жинау және өңдеу, эссе құрылымы және кіріспе рөлі. Плагиат. Стиль.
Эссенің мақсаты – өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту
Эссе тіліне:
эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән.
Эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет
Эссе туралы түсінік Эссе – (француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау).
Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп,
алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді.
Үлкен кеңес энциклопедиясы
Эссе жанрын ашқан француз ойшылы Мишель Монтень болып табылады (“Тәжірибелер”, 1580 ж.).
Эссенің мақсаты
Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру. Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі
Э С С Е Эссе –шығарма жанрының бір түрі Эссе шығармашылық еркіндігін көздейді. Оның барлық көркемдігі сонда, ол кез келген тақырыпта, кез-келген стильде жазылуы мүмкін, яғни, қалай, не туралы болса да. Өйткені, эссе - бұл естіген, көрген, оқығаныңыз бойынша сіздің ойыңыз.
Эссенің бірінші кезегінде - автордың жеке басы, оның ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты.
Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жанрында жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс.
Эссе неге? деген сұраққа жауап береді
Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді.Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс.
Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.
Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты- адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс.
Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б.
Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.