6. Эссе жазуда практикалық қадамдар:
1 қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.
2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыныңызды сыйғызу қажет.
3 қадам. Ақпаратты жинаңыз.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өзі тезис үшін дәлелдерді таба алады.
4 қадам. Эссені жоспарлаңыз.
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.
5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6 қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
Эссе екі бағамен бағаланады.
Эссені тексерген кезде мынадай дағдылардың қалыптасу деңгейі бағаланады:
- мәтінді ұсынылған тақырыпқа сәйкес жазу;
- эссенің тезистік-дәлелді бөлігін өзіндік пікірін келтіре отырып, ойын логикалық баяндауы;
- дәйектелген пікірді келтіре отырып, сенімді дәйектерді таңдау; қойылған мәселелерге автордың қатысын анықтау, өз ұстанымын басқа көзқараспен салыстыру;
- эссенің түріне, жанрына және тақырыбына сәйкес тілдік құралдарды таңдауды жүзеге асыру;
- мәтінді әдеби тіл нормаларына сәйкес ресімдеу.
Бағалау
Эссе тақырыптары:
Жас ұрпақтың тәрбиесі
Экология мәселелері
Табиғат
Ақпарат көздері
Білім
Мектеп өмірі
Ғаламтор жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |