Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет30/47
Дата05.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#18276
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Зертханалық сабақ №5
Өткізгіштер журналы мен операциялар журналы
Түрлі әдістермен енгізілген операциялар, операциялар журналында көрініс табады («өткізгіш» мәзірі - «операциялар журналы»).



Операциялар журналының төменгі бөлігінде, белгіленген операцияларға кіріктірілген өткізгіштер көрсетіледі. Бухгалтерлік есептің өткізгіштері «Бухгалтерлік есеп» қыстырмасында, салық есебінің өткізгіштері «салықтық есеп» қыстырмасында көрініс табады.


Бухгалтерлік есеп өткізгіштері мен салық есебінің өткізгіштерін тек мамандандырылған журнал арқылы жеке-жеке ғана көруге мүмкіндік бар: «Өткізгіштері» мәзірі - «(Бухгалтерлік есеп) өткізгіштерінің журналы», «өткізгіштер» - «(салық есебінің) өткізгіштер журналы»).





Тауарларды сатып алу.
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-де жабдықтаушыдан түскен тауарлар «ТМҚ келіп түсуімен қызмет» құжатында «сатып алу» операциясы түрінде көрсетіледі. Бұл құжатқа жабдықтаушыдан алынған кіріс төлем қағазы мәліметтері енгізіледі.
1.«ТМҚ келіп түсуі мен қызмет» құжаттар тізімін ашыңыз ( жаңа ақпараттың базадағы тізімде құжаттар болмайды). Ол үшін «Негізгі қызмет» мәзірінен «Сатып алу» пункті, ал оның ішінде «ТМҚ мен қызметтің келіп түсуі» пунктін танданыз.
2. «Сатып алу» операция түрі бар «ТМҚ мен қызметтің келіп түсуі» жаңа құжатын батырма арқылы құрыңыз (болмаса «Insert» батырмасын басыңыз немесе «әрекет» мәзірінен - «қосу» тандаңыз). Құжаттың реквизиттерін суретте көрсетілгендей етіп белгілермен толтырыныз:



3.«Қойма » реквизитін толықтыру үшін қоймалар тізіміне - «Негізгі қойма» жаңа қоймасын қосыңыз. Ол үшін «қойма» құжаты жолында тандау батырмасын басыңыз, сонда «қоймалар (сақтау орны)» тізімі ашылады. батырмасын басу арқылы жаңа қойма қосыңыз (болмаса «Insert» батырмасын басыңыз немесе «әрекет» мәзірінен - «қосу»-ды таңдаңыз). «Қоймалар (сақтау орны)» нысанында реквизиттар белгісін суреттегідей етіп толтырыңыз. «Қоймалар (сақтау орны)» нысанынды «ОК» батырмасын басыңыз. Қоймалар тізімі нысанында да «ОК» батырмасын басыңыз.





4.Номенклатура тізімінен таңдау арқылы «Тауарлар» қыстырмасында тауарларды көрсетіңіз. Тауарлардың саны мен бағасын қолмен енгізіңіз. Солай бола тұра, есеп шоттар құжатқа автоматты түрде қойылады.



5. «Тауарлық материалдық қорлардың және қызметтердің түсуі» құжатынан «алынған шот фактура» құжатын тіркеу. Ол үшін «негізінен кіргізу» функциясын пайдаланып, батырмасын шерту керек (немесе «іс-әрекет» - «негізінде» мәзірді таңдап алыңыз). Шыққан тізімнен «алынған шот фактура» пунктін таңдап алыңыз.





6. Ашылған «алынған шот фактура» құжаттарда кіргізілген нөмір және мерзімді толтыру. «Алынған шот фактура» құжаттарда «ОК» батырмасын шертіңіз.



7. Қалыптастырылған құжаттар мен бухгалтерлік өткізгіштерді қарастыру үшін командалық тақтадан батырмасын шерту керек. Анықтамадан құжатты таңдағанда, реквизит мәні өзгереді, егер де сіз анықтама элементінің атын (мысалы, контрагенттің), немесе аталуының басын білсеңіз, онда элементтің атын енгізу жеткілікті. Ал егер де анықтама элементінің аталуын білмесеңіз, онда батырмасын немесе Ғ4 батырмасын толық тізімнен элементті таңдап алу үшін пайдаланамыз. Сонымен қатар, егер де құжат реквизиті толтырылмаған болса, ENTER батырмасын басуға болады.





8. «Тауарлы материалды қорлар мен қызметтердің түсуі» құжаттардың формасын жабыңыз. Ол үшін құжат формасының төменгі жағында «жабу» батырмасын басыңыз. Құжат ақпараттық базада тіркелген.





Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:
Кесте жағында тез толтыру үшін, жинақтау тәртібінен номенклатура тізімін шақыруға болады («Жинау» батырмасын басу керек, ол кестенің жоғарғы жағында орналасқан).
Анықтама элементінде құжатты толтырғанда, тек қана атауларды енгізу арқылы, элементінің кілтін енгізуге де болады. Кейбір анықтамаларда басқа да белгілі реквизиттер енгізілуі мүмкін.
Мысалы, контрагентті тек қана атауының кілтін енгізу емес, оның СТН-ын таңдауға да болады.


Негізгі әдебиет:1-4
Қосымша әдебиет: 18,19,20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет