Зертханалық сабақ №6
Сатып алушыға шот көрсету.
Тауар сатып алушы шотын көрсету және басылған қалып шотын алу үшін (сатып алушыға көрсету үшін) «Сатып алушының төлеу шоты» құжаты қолданылады.
1. «Сатып алушының төлеу шоты» тізім құжатын ашыңыз. Ол үшін «Негізгі қызмет» мәзірінен «Сату» пунктін таңдап алыңыз, ал онда – «Сатып алушының төлеу шоты» пунктін батырмасын басу арқылы «Сатып алушының төлеу шоты» жаңа құжатын құрыңыз (немесе «Insert» пернесін басыңыз немесе «Әрекет» - «Қосу» мәзірін таңдаңыз). Құжат реквизитін, суретте қалай көрсетіліп тұр, сондай белгілермен толтыру керек.
2. «Банктік шот» реквизитін толтыру үшін, (ТОО «Авто – Альянс» ұйымы үшін) банктік шот ұйым тізіміне жаңадан есеп айырысу шотын қосыңыз. Ол үшін «Банктік шот» алаң құжатына таңдау батырмасын басыңыз, онда «Банктік шот» тізімі ашылады. батырмасын баса отырып, жаңадан қойманы қосыңыз (немесе «Insert» пернесін басыңыз «әрекет» - «Қосу» мәзірін таңдаңыз). «Банктік шот элементі» формасында суретте қалай көрсетіліп тұр дәл солай реквизит белгісін толтырыңыз.
3. Банк жайында ақпарат толтыру үшін, жаңадан ОАО ТұранӘлемБанк филиалын банк тізімдеріне қосыңыз. Оны орындау үшін, жаңа элементті қолымен құру немесе банк классификаторынан таңдап алу («Банк классификациясын қосу» батырмасы).
4. Барлық реквизиттерді толтырғаннан кейін «төлеу шоты» құжат формасының төменгі бөлігінде «жазып алу» батырмасын басыңыз.
5. Қолмен теру шот формасын алу үшін құжат формасының төменгі бөлігінде «Төлеу шоты» немесе «Печать» батырмасын басыңыз.
Ұйымның есеп айырысу шотына сатып алушыдан ақша қаражаттары түсуі.
Ұйымның есеп айырысу шотына ақша қаражаттарының түсуі «Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8,0» «Төлеу тапсырмасы (кіргізілген)» құжатында көрсетіледі.
1. «Төлеу тапсырыс» тізімін ашыңыз. Ол үшін «Банк және касса» мәзірінен «кіріс төлеу тапсырысы» пунктін таңдаңыз.
2. Ашылған төлеу тапсырысы тізімінде «Төлеу тапсырысы (кірген)» жаңадан құжат құру. Ол үшін батырмасын басыңыз (немесе «Insert» пернесін басыңыз немесе «Әрекет» - «Қосу» мәзірін таңдаңыз). Құжат реквизитінде белгілерді толтырғанда, суретке қарап, дәл солай толтырыңыз.
3. Құжаттардың төменгі бөлігінде бухгалтерлік есеп шоты автоматты түрде толтырылады – бұл контрагентпен есеп айырысу шоты, 1040 шотымен кредит бойынша корреспонденттеледі. Егерде аванс шоты көрсетілсе, мысалы, 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванс», - онда құжат жүргізілгенде, есеп айырысу жағдайы келісім шартта анықталады және түскен төлем автоматты түрде төлемге және авансқа бөлінеді. Егер де аванс шоты көрсетілмесе онда барлық төлем сомасы есеп айырысу шотында кетеді. Мысалы: 1210 шоты «Жабдықтаушылар мен сатып алушылардың қысқамерзімді дебиторлық қарыздары». Екі шотты да толтырылған күйінде қалдырыңыз.
4. «Ақшалық құралдардың қозғалыс статьясы» реквизитін толтыру үшін сәйкес статьяны ақшалық құралдардың қозғалыс статьясының тізіміне қосу керек.
5. «Төлем тапсырысын кіріске алу» құжатының жоғарғы оң жағында «Төленді» жалауша орналастырыңыз. Жалаушаның оң жағындағы күн – бұл шаруашылық операциядағы ақпараттық базада тіркелетін күн.
«Төлем тапсырысын кіріске алу» құжатын жүргізу үшін және құжатты жабу үшін, құжаттың оң жақ төменгісінде орналасқан «ОК» батырмасын басыңыз.
Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:
Құжатта шоттың есеп айырысуын көрсету немесе тығып қою құжаттар қалыбындағы командалық тақтадағы батырмалар көмегімен жасауға болады.
Негізгі әдебиет:1-4
Қосымша әдебиет:18,19,20
Достарыңызбен бөлісу: |