Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»


Инфекциялық процесс дамуындағы макроорганизм ролі



бет18/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Инфекциялық процесс дамуындағы макроорганизм ролі

Инфекциялық аурудың пайда болуында макроорганизмнің жағдайы, ауру қоздырғыш микробтардан, олардың уларынан қорғану қабілетіне байланысты. Мына жағдайлар ауру пайда болуында маңызды роль атқарады.


1. Жасы: инфекциялық ауру пайда болуында адамның жасына байланысты физиологиялық өзгерістер, зат алмасу процесстерінің маңызы зор. Мысалы: кейбір қоздырғыштар тек қана бала организмінде ауру тудырады - олар қызылша, жел шешек, көкжөтел, шошқа мойын т.б. Ал өкпе қабынуы қарт адамдарда өте ауыр түрде кездеседі. Сонымен қатар адамның жасына байланысты емес қоздырғыштар бар. Мысалы: тұмау вирусы. Ол үлкендерде де, балалар да да ауру қоздырады.
2. Нерв жүйесі: - нерв жүйсінің тозуы, әлсіреуі инфекциялық аурудың ауыр түрде болуына әсер етеді, себебі адамның ауру қоздырғышына қарсы қорғаныс механизмі төмендейді.
3. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездері: эндокринді аурулармен (диабет, зоб т.б.) ауыратын адамдарда қорғаныс қабілетінің төмендеуіне байланысты ірінді қабыну аурулары жиі кездеседі.
4. Тамақтану: уақытымен дұрыс құнарлы тамақтанбау да инфекциялық ауру пайда болуына әсер етеді, себебі тамақпен организмге әртүрлі витаминдер, белоктар туседі, ал олардың жетіспеушілігі организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс қабілетін, иммунитетін төмендетеді. Мысалы: туберкулез, тырысқақ, дизентерия т.б.
5. Адамның қалыпты мекендеушілері яғни микрофлорасы да маңызды роль атқарады - яғни қорғаныс функциясын атқарады. Мысалы: адамның ішегіндегі ішек таяқшасы - іш сүзегінің, т.б. патогенді таяқшаларын өлтіреді.


Қоршаған ортаныц инфекциялық
ауру пайда болуына және дамуына әсері

Қоршаған ортада ауаның салқындауы және ылғалдь организмнің, яғни тыныс жолдарының кілегей қабатының а қарсы қорғаныс қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар қыздыру, сәулесінің және радиацияның әсері, зиянды өндірістер, химиялық заттармен улану, оттегі жетіспеушілік, санитарлы - гигиеналық жағдайлардың нашарлауы бәрі организмнің инфекцияға қорғанысын төмендетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет