Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет26/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Стрептококктар

Streptococcus тұқымына St.pyogenes (гемолитикалық) және St.pneumoniae (пневмококк) жатады. Бірінші рет стрептококкты 1874 жылы Бильрет, 1879 жылы Л.Пастер анықтаған. 1884 жылы оны Э.Розенбах зерттеген.




Streptococcus pyogenes

Морфология. Шар тәрізді коккалар d - 0,6 – 1мкм полиморфты яғни ірі және ұсақ түрлері болады, тізбекте орналасады, тізбектің ұзындығы әртүрлі. Қатты қоректік ортада тізбектеліп қысқа, ал сұйық ортада тізбек ұзын болып келеді. Стрептококктар қозғалмайды, спора түзбейді. Жаңа пайда болғандарында капсула болады. Грам оң (+).


Культивирлеу. Стрептококктар факультативті анаэробтар. 37 градус температурада және рН - 7,6 - 7,8 ортада өседі. Қалыпты өсу ортасы - қан және қансарысу орталары.
Қатты қоректік ортада стрептококкалар колониясы ұзақ, жалпақ, лайланған сұрғылт түсті. Қанды ағарда кейбір стрептококкалар гемолиз тудырады. Қантты сорпада стрептококктар қабырғасында және түбінде тұлба қалдырып өседі, ал сорпасы мөлдір болып қалады.
Ферментативті қасиеті. Стрептококктар қантыдырату қабілетті. Олар глюкозаны, лактозаны, сахарозаны, мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Белокыдырату қабілеті нашар білінеді. Олар сүтті ұйытады, желатинді ерітпейді.
Токсинтүзуі. Стрептококктар экзотоксин түзеді.
1. стрептолизин - эритроциттерді бұзады
2. лейкоцидин - лейкоциттерді бұзады
3. эритрогенді токсин - скарлатинаның клиникалық белгіле құрайды: әлсіздік, тамыр реакциялары, бөртпе, т.б.
4. цитотоксин - гломерулонефрит туғызады.
Антигендік құрылымы және классификациясы.
Стрептококктарда әртүрлі антигендер анықталған.
1. Түрлік антиген - клетка цитоплазмасында — барлық стрептококктарға тән.
2. Типтік антиген - клетка қабырғасының үстінде орналасқан.
3. Топтық антиген - полисахаридті клетка қабырғасында орналасқан.
Стрептококктар латын әріптерімен белгіленген бірнеше топқа бөлінеді: А, В, С, Д, т.б.
Сонымен қатар араб цифрларымен белгіленген серологиялық типтерге бөлінеді: А - тобы - 70 типті құрайды - бұлар адамдарда әртүрлі ауру тудыратын стрептококктар. В - тобы - шартты - патогенді стрептококктар.
С – тобы - адамдар мен жануарларға патогенді стрептококктар.
Д – тобы – адамдарға патогенді емес стрептококктар, сонымен катар адам мен жануарлардың ішегін мекендейтін энтерококктар да жатады, олар басқа органға түскенде ауру қоздырады: холецистит, пиелит, т.б.
Серологиялық топты аныктау үшін қансарысу тобымен преципитпция реакциясы қолданылады.
Серологиялық типін анықтау үшін арнайы типтік қансарысуы мен агглютинация раекциясы қолданылады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Қоршаған ортада стрептококктар тұрақты, 60 градус температурада 30 минуттан кейін өледі. Кептірілген ірің мен қақырықта олар айлар бойы сақталады. Дезинфекциялық ерітінділерде 15 - 20 минуттан кейін өледі. Энтерококктар тұрақтылау, олар дезинфекциялаушы ерітінділерде 50- 60 минуттан кейін өледі.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Патогенді стрепококктарға ірі қаралар, жылқылар, иттер, құстар сезімтал келеді.
Лабораториялық жануарлардан кроликтер мен ақ тышқандар сезімтал болады.
Инфекции көзі. Адамдар (ауру және тасымалдаушылар) кейде жануарлармен, инфекцияланған тамақтар.
Таралу жолдары. Ауа түйіршіктері, ауа шандары, тамақ арқылы тұрмыстық - жанасу арқылы таралады.
Ауру экзогенді және эндогенді жұқтыру арқылы (мұрын қуысындағы, аңқадағы, қанабтағы шартты – патогенді стрептококктардан) болады. Организмнің қарсыласу қабілетінің төмендеуінен аутоинфекция болуы мүмкін.
Ауруды адамдарда А серологиялық тобының В- гемолитикалық стрептокогі тудырады. Олар патогенді ферменттер өндіреді:
1. гиалуронидаза; 2. Фибринолизи; 3. дезоксирибоуклеаза
Сонымен қатар стрептококктарда капсула, М - протеин анықталған, олардың фагоцитозға қарсы қабілеті бар. Стрептококкалар адамдарда жедел және созылмалы ірінді және іріңсіз инфекциялық аурулар қоздырады.
Іріңді аурулар - флегмона, абсцесстер, жарақат инфекциясы.
Іріңсіз аурулар - жедел жоғарғы тыныс жолдары инфекциялары, (рожа) тілме қабыну, скарлатина, ревматизм, т.б.
Иммунитет тұрақты емес. Стрептококкты ауруларда организм жоғары сезімталды, сондықтан кейбір аурулар қайталанын тұрады.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы - гигиеналық шаралар организмнің қорғанысын нығайту.
Арнайы шаралары жоқ.
Емі. Көбінесе антибиотиктер қолданылады: пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.
Ревмокардит этиологиясында стрептококктың манызы.
Ауруды стрептококктың қоздыратынын мына факторлар көрсетеді:
1. Аурудың аңқасынан В - гемолитикалық стрептококк анықталған.
2. Ревматизм, ангина, тонзиллит, фарингит ауруларынан кейін пайда болады.
3. Аурудың қансаруынан стрептококктың ферментіне, токсиніне қарсы антистрептолизин, антистрептогиалуронидаза анықталған.
4. Стрептококк пенициллинмен жақсы емделеді.
Ревмокардитке қарсы алдын - алу шарасы: көктемде - күзде пенициллинмен егеді.
Скарлатина этиологиясында стрептококктың манызы. Скарлатинаны эритрогенді токсин өндіретін А - тобының стрептокогы қоздырады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет пайда болады. Оны күшін Дик реакциясын қою арқылы біледі, яғни тері астына эритрогенді токсин енгізеді. Ауырмаған адамда енгізген жерде ісіп және қызару пайда болады - яғни реакция оң (қансарысуда антитокс жоқ). Ал ауырган адамда мүлдай реакция болмайды, себебі пайд болған антитоксин эритрогенді токсинды нейтралдайды (бейтараптандырады).
Алдын - алу шаралары. Ауруды оқшаулайды, ауруханада жанасқандарға, балаларға гаммаглобулин енгізеді. Арнайы шаралары жоқ. Емі. Пинициллин, тетрациклин, ауыр жағдайларда токсинге қарсы қансарысу енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет