Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»


Антигендік құрылымы және классификациясы



бет28/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Антигендік құрылымы және классификациясы.
Пневмококктың цитоплазмасында протеинді антиген, ал капсуласында полисахаридті антиген болады. Полисахаридті антигенге байлайланысты барлык пневмококктар 84 сероварға бөлінеді. Адамдарда жиі кездесетіні 1, 2, 3 сероварлар.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Пневмококктар тұрақсыз микроорганизмдерге жатады. 60 градус температурада 3 минуттан кейін өледі. Салқын температура мен кептіруге төзімді. Кептірілген қақырықта 2 айға дейін тіршілігін сактайды. Қоректік ортада 5-6 күнге дейін сақталады, сондықтан өсім алғанда 2-3 күн сайын қайта себу керек.
Дезинфекциялауышы ерітінділер: 3 % фенол, сулема 1:1000 ерітіндісі бірнеше минуттан кейін өлтіреді.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Пневмококктардің табиғи қожайыны адам, сонымен қатар олар бұзауларда, қозыларда, иттерде, шошқаларда және маймылдарда ауру қоздырады. Тәжірибелік жануарлардан ақ тышқандар пневмококке өте сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Ауа түйіршіктері және ауа шандары.
Ену жолдары. Жоғары тыныс жолдарынын кілегей қабаты, көз, құлақ.
Адамдағы аурулар. Пневмококктар іріңді қабыну аурулар әртүрлі органдарда қоздырады, жиі кездесетіндері: 1. өкпенің крупозды қабынуы; 2. көз жарасы 3. құлақтың қабынуы (отит).
Өкпенің крупозды қабынуы жиі кездеседі, ауыр түрде, жоғарғы температурамен, жөтелмен сипатталады, ақыры қаза болуы мүмкін.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет тұрақты емес, себебі пневмония қайталау мүмкін.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы - гигиеналық шаралар.
Арнайы алдын - алу шаралары жок.
Eмі. Антибиотиктер - пинициллин, тетрациклин, т.б.
Микробиологиялык зерттеу. Зерттеу максаты. Пневмококкты анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Қақырық (пневмония); 2. Аңқадан шырыш (ангина);3. Жараның сүйықтығы (көз жарасы); 4. Құлақтан шырыш (отит); 5. Ірің (абсцесс); 6. Плеврадан сұйықтық (плеврит); 7. Қан (сепсис);
Материалды алу әдістері.
1. Қақырық – стерильді ыдысқа жинайды.
2. аңқадан шырыш – стерильді тампонмен алады.
3. Плеврадан сұйықтық – стерильді шприцпен алады.
4. жарадан – NaCL ерітіндісіне батырылған стерильді мақта тампонмен алады.
5. Құлақтан шырыш – ол да солай алынады.
6. Ірің жарақаттан – ашық жарақаттан мақта тампомен, жабық жарақаттан – шприцпен алады.
7. Қан – тамырдан 5-10 мл шприцпен алады.
Негізгі зерттеу әдістері:
1. Микроскопиялық;
2. Микробиологиялық;
3. Биологиялық;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет