Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет55/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
лекция микроб

СПИД (ЖҚТБ) вирусы

Ауруды 1993 жылы француз ғалымы Л. Монтанье ашқан.


СПИД адамзатқа қорқыныш әкелді. Ең бастысы - адамдар бұл ауру туралы жақсы білуі керек. Бұл өлім себушіге қарсы күрес жүргізу әрбір адамның қасиетті міндеті болуға тиіс.
СПИД жұқпалы ауру. 1981 жылы АҚШ -тың Сан-Франциско қаласында гомосексуалистер арасында сирек кездесетін өкпе қабынуы және Капоши саркомасы жиі тіркеле бастады. Капоши саркомасы-сирек кездесетін қатерлі ісік (рак). Әдетте ол адамдардың табанында және басқа терілерінде бөртпе түрінде пайда болады, ұзақ уақыт жүреді. Бұл өте қауіпті, тез арада басқа мүшелерге ауысады және оның аяғы қазаға әкеліп соғады. Аз уақыт ішінде осыңдай ауру АҚШ-тың, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және т.б. үлкен қалаларында, Батыс Европада, Африкада, Австралияда табыла бастады. ВИЧ-адамның иммундық жетіспеушілік вирусы ретровирустар тобына жатады.
Адамды ВИЧ-1 зақымдайды. Бұл өте ұсақ РНК-ден тұратын вирустар. Сыртқы қабаты белокты зат капсомерлерден тұрады. Қоршаған ортада вирус тұрақсыз +50 градус температура бірден өлтіреді. Қайнатқанда вирус бірнеше минуттан кейін өледі. Дезинфекциялаушы ерітінділерге төзімсіз.
СПИД вирусы адамның иммундық жүйесін, әсіресе қанның Т-лимфоцит, Т - хелпер аталатын клеткаларын, нерв жүйесінің клеткаларын зақымдайды.
СПИД ауруының таралу жолы 4 түрге бөлінеді:
1. жанасу - жыныстық қатынас арқылы,
2. қан арқылы
3. анадан балаға жатыр арқылы
4. шприцтер арқылы.
СПИД ауруының белгілері өте көп және әр түрлі. Аурудың алғашқы клиникалық белгілері вируспен зақымданғаннан кейін бірнеше апта ішінде біліне бастайды. Алғашқы белгісі шаршағыштық, әлсіздік, терлегіштік және тамақ астындағы, қолтықтағы бездердің ісінуі болып табылады. Сондай-ақ сырқаттың еңбекке деген қабілеті кемиді, тамақка тәбеті шаппайды. Салмағын жоғалтады, яғни жүдеп кетеді. Дене қызуы көтеріліп, ол ұзақ уақыт бойы төмен түспейді.
Ауыздағы сілекей қабығына ақ таңдақ түседі. Нерв жүйесінің зақымдануынан ауруларда ұмытшақтық, қозғалу немесе жүру үйлестігінің бұзылуы, интелектің төмеңдеуі, аяқ-қолдың жұмыс істемей қалуы т.б. аурулар пайда болады. Теріде қатерлі ісік - Капоши саркомасы пайда болады. СПИД ауруы адамдарда бұғып жатқан туберкулез ауруын қоздыруға, мида қатерлі ісіктің өсуіне, қанның эр түрлі микробтармен зақымдалуына себеп болады. СПИД - тен қорғану үшін біріншіден, әлеуметтік, мемлекеттік және халықаралық шаралар ұйымдастыру қажет, екіншіден жеке адамды қорғауға бағытталған шаралар жүргізілуі тиіс.
СПИД - адамзат өміріне өте қатерлі ауру. Сондықтан оның таралуын тоқтата алатыңдай тиянақты қорғаныс жүйесін ұйымдастыру - басты міндет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет