Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет1/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
лекция микроб




Микробиология пәнінен лекция жинағы








Лекция жинағы
Пән: «Микробиология және вирусология»
Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі», 09130100- «Мейіргер ісі».
Мамандықтың атауы және коды
Біліктілігі: 4S09120101-«Фельдшер», 4S09130103-«Жалпы тәжірибелі мейіргер»,

"Жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндер" ЦӘК отырысында қаралды


Протокол № ________от «___» _________20__ ж
ЦӘК төрайымы __________


Алматы 2023 ж.
КІРІСПЕ


МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Микроорганизмдерді анықтағанға дейін адамзат оның тіршілік әрекеттерімен күнбе - күн кездесіп отырды: нан ашыту, сүт ұйыту, жүзім шырынын ашыту т.б.


Микробиологияның даму тарихы 3 кезеңнен тұрады:
1. Морфологиялық кезең - XVII ғасырдың басында басталады. Жұқпалы ауруларды тірі жәндіктер тудырады деген пікірді Афанасий Кирхер айтқан. Бұл пікірді дәлелдеген голландиялық натуралист Лнтоний ван Левенгук болды, ол әрі шыны өңдеуші - лупаны ойлап ашты. Ол әр түрлі тұнбаларды, жаңбыр суын лупамен қарағанда көпеген қозғалып жүрген "тірі жәндіктерді" көрген.
2. Физиологиялық кезең - XIX ғасырда француз ғалымы Луи I І.Ютердің еңбектерінен басталады - ол жұқпалы аурулардың пайда болуыңда микроорганизмдердің маңызы зор екенін ғылыми дәлелдеді. Луи Пастер микроорганизмдер ашыту және шіріту процесстерін дамілтады, тіршілік ету ортасын химиялық өзгерістерге келтіреді деп далелдеді. Ол оттексіз ортада тіршілік ететін микроорганизмдерді анықтады (анаэробтар), жібек құртының ауру себептерін табады. Ол бірінші рет жоғары температура, әсерімен микроорганизмдерді жою үшін ойлап табады, бұл әдіс залалсыздандыру деп аталады. Пастер жұқпалы ауруларға қарсы вакцина дайындауды табады - ол қоздырғыштың ауру туғызу қабілетін азайту, яғни адамдар мен жануарларда жұқпалы ауруларға қарсы қабылдамаушылық қасиетін тудыру. Ол тырысқақ, құтыру ауруына қарсы вакцина ойлап табады.
Неміс ғалымы Роберт Кох тығыз қоректік ортада микроорганизмдердің таза өсімін алуды ойлап тапты және микроорганизмдерді бояу үшін анилин бояуларын қолданды, микроскопқа жарықты және иммерсиялық системаны қолданды. Сөйтіп ол туберкулез ауруын қоздырушы таяқшаларды, яғни «Кох таяқшаларын" және тырысқақ ауруының қоздырушысын табады «Ком вибрионы». Осы кезеңде Д. И. Ивановский темекі жапырақтарының ауруын зерттеп, оны өте ұсақ микроорганизмдер қоздырады, олар қоректік ортада өспейді, және ұсақ сүзгіден өтеді деп дәлелдеді. Олар - вирустар деп аталды. Сөйтіп, инфекциялық аурулардың дамуында вирустардың да маңызды екені дәлелденді.
3. Иммунологиялық кезең - бұл орыс ғалымы И. И. Мечниковтың иммунитет теориясынан басталады. Ол ағзаның кейбір клеткілері (лейкоциттер, талақ және сүйек миының клеткілері) бөгде элементтерді, бактерияларды басып алып, қайта сіңіруге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл клеткілерді ол фагоциттер (грекше phago-сіңіремін, cytos-клетка), ал бұл құбылысты фагоцитоз деп атады. Фагоцитоз туралы ғылым қабыну процессін зерттеуге негіз болды, Мечниковтың көрсетуі бойынша қабыну - ағзаның ауру қоздырушы микробтарға қарсы белсенді реакциясы. Мечниковтың ғылыми зерттеулері әр жақты - ол адам ағзасының қартаюы мен өмір сүруін ұзартуды зерттеді. Ол тырысқақ, іш сүзегі, туберкулез ауруларын зерттеді. 1886 жылы бірінші рет Одесса қаласында бактериологиялық станция және микробиологтар мектебін ашты. Сонымен қатар бұл кезенде Мечниковтың көмекшілері, әрі оқушылары - микробиологтар: А.М.Безредка, Л. А.Тарасевич, П.В.Циклинская, Г.Н.Габричевский, Д.К.Заболотный, Н.Ф.Гамалеяның микробиология саласында үлестері зор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет