Орындағандар



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#34480
  1   2   3


Ғылыми жоба
Бағыты : физика

Қазақ күнтізбесінің ерекшеліктері



Орындағандар : Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов ауданы

Шұқыркөл орта мектебінің

7 сынып оқушысы Cмағұл Тоқжан

Жетекшісі: Разахова С.Е.

физика пәні мұғалімі


2015 жыл


Мазмұны

1. Кіріспе _______________________________________________ 3

2. Ежелгі күнтізбенің шығу тарихы _________________ 5

3. Қазақ күнтізбесінің ерекшеліктері

3.1. Темірқазық , Үркер жұлдыздары ___________ 8

3.2. Аспан сағаты - жетіқарақшы ___________ 10

3.3. Айға байланысты сенімдер,ырымдар __________________ 12

3.4. Қазақтың мәңгі күнтізбесі _________________ 18

4. Қорытынды _________________________________________ 22

5. Пайдаланылған әдебиеттер____________________________ 23

6. Қосымша __________________________________________ 24

Кіріспе

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын , ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден- ақ құмар болды.

Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашқы түсініктер өте қарапайым болды. Аспан мен Жер бөлек қарастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды.

Жердегі уақытты өлшеудің кілті біздер ойлап жүргендей Жерде емес , аспанда болып табылады. Бізді қоршаған кеңістікте Ай,Күн,Жұлдыздар болмаса, онда жердегі жыл мөлшерін анықтау мүмкін болмаған болар еді.

Жерді 400 мың шақырым қашықтықта Айдың айналып жүруіне байланысты Ай күнтізбесі пайда болды. Негізінен мұсылмандар,қазақтардың қолданатын бұл уақыт жүйесінде 354-355 күн бар. Сондай ақ, 149 миллион шақырым қашықтықта орналасқан күнді Жердің айналып жүруіне байланысты Күн күнтізбесі пайда болды. Күллі әлем қолданатын қазіргі Күн күнтізбесінде 365-366 күн бар.

Өте ерте заманда қайсыбір халық болмасын өздерінің күнделікті тұрмысында уақыттың шамасын анықтау маңызды роль атқарды. Бұл шаруамен арнайы түрде абыздар ғана айналысқан. Ай және Күнге негізделген күнтізбелерден басқа, ежелгі үнділермен қазіргі қазақтардың ата- бабаларында уақытты жұлдыздар бойынша есептеу болған.

Ал, қазақ халқы әлі күнге дейін бұл уақыт есебін Тоғыс есебі деп атайды. Әлемнің басқа бірде бір елінде кездеспейтін өте қүрделі бұл уақыт жүйесінде жыл өлшемі Күн қозғалысы бойынша, ал айлар есебі Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады.

Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл ауылында өткізілген сауалнамаға – 85 ауыл тұрғындары қатысты. Солардың ішінде : 30 адам- 35-45 жас шамасындағы адамдар, 55 адам- 50-70 жас шамасындағы адамдар.

Жастары 50-70 жас шамасындағы адамдардың көбісі ауа- райын болжауды, уақытты есептеуде аспан денелеріне сүйенетіп болжайтынын айтты.

Мақсаты: Қазақ күнтізбесінің ерекшелігін зерттеп , уақытты Айға,

Күнге , Жұлдыздарға қарап есептеуге болатынын дәлелдеу, төтенше жағдайларда,өмірде осы аспан денелерін бағыт- бағдар ретінде пайдалануға үйрену.



Міндеттері:

1. Айды,Күнді,Жұлдыздарды физикалық тұрғыда зерттеу.

2. Шұқыркөл ауылында өткізілген сауалнамаға қатысушылардың, ауыл тұрғындарының тәжірибесін анықтау .

3. Қазақ күнтізбесінің шығу тарихын зерттеу .

4. Зерттеу нәтижесіндегі деректерді күнделікті тәжірибеде іске асыру .

Зерттеудің нысанасы: Ай, Күн, Жұлдыз

Зерттеудің заты : Қазақ күнтізбесіндегі Ай, Күн, Жұлдыздардың орналасуын , жыл мезгізгілдерінің уақытын есептеу .

Болжам: Қазақ күнтізбесін Ай, Күн, Жұлдыздыздар арқылы анықтаған.

Зерттеудің нәтижесінде :
1. Қазақтың салт - дәстүріне сәйкес оқушылар аспан денелері Ай, Күн, Жұлдыздарға қарап уақытты , бағыт- бағдарды анықтауға үйренеді

2. Тақырып бойынша жинақталған материалдарды қазақ халқының өміріне сәйкес күнделікті тұрмыс -тіршілікте игі етіп пайдалану

3. Қазақ күнтізбесінің анықтамасы дайындалады.
Ежелгі қазақ күнтізбесінің шығу тарихы

Күнтізбеұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. Ерте заманнан Күн мен Айдың , кейбір жұлдыздардың қозғалыстарын бақылау адамдарға уақыт санауға, әртүрлі күнтізбе жасауға арқау болды. Кейбір жұлдыздардың шығу,бату мерзімдерін анықтау арқылы жыл мезгілдерінің келу уақыты есептелді. Мысалы, егіншілікпен айналысқан қазақ елінде белгілі бір жұлдыздардың туу немесе бату мерзімдері жер жырту , егін егу және орақ науқандарының уақытын көрсетсе, ал мал бағумен айналысатын елдерде мал төлдету, көшіп қону , қой қырқу және т.б. жұмыстарын атқару кезеңдеріне сай келеді. Қазақ халқында олар Үркер, Таразы, Сүмбіле. (Үркер туды, сорпа -ас болды, Сүмбіле туар қылтиып, ат семірер құнтиып). Осындай бақылау нәтижесінде құрылған күнтізбелер адамдарға шаруашылық жұмысын уақытымен ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды.

Көшпелі қазақ жұртының аспан әлемі туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан.

Қазақ халқында уақыттың негізгі бірліктері астрономиялық бақылау бойынша анықталған -тәулік, ай, жыл. Бұлардың алғашқысы күн мен түннің алмасуынан, екіншісі Ай жүзінің өзгеруіне , ал соңғысы жыл маусымдарының ретті түрде алмасуына байланысты.

Тәулік дегеніміз Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы.

Қазақстан Республикасы аумағы арқылы 4- және 5-сағаттық белдеу өтеді.

1930ж. көктемде үкімет декреті бойынша КСРО аумағында декреттік уақыт енгізілді, барлық сағаттық белдеулерде сағат тілі тұрақты түрде бір сағатқа ілгері жылжытылды. Алматы мен Астана уақыты (5сағаттық белдеу) бүкіләлемдік уақыттан 6 сағат алда.

Жұлдыздық уақыт . Кез келген жұлдызды таңдап алып , оның аспандағы орнын Жердегі қозғалмайтын бір нәрсе (үй) көмегімен белгілеп алайық. Сол жұлдыз нақ сол орынға 23сағат 56минут өткенде қайтып оралады . Осылайша жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік жұлдыздық тәулік деп аталады. Ал ,

4 минут қайда кетті? Жердің Күнді айнала қозғалуы себебінен Күннің аспандағы орны Жер бетіндегі бақылаушыға жұлдыздарға қатысты тәулігіне аспан сферасының айналу бағытына қарама қарсы бағытта бір градусқа ығысады. Оны қуып жету үшін Жерге осы 4 минут қажет. Сонымен , Жердің өз осінен айналып шығуына 23сағат56 минут уақыт керек. Ал 24сағат осы айналыстың Күнге қатысты уақыты. Адам Күн сағаты бойынша өмір сүреді. Ал астрономдар өз бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда жұлдыз уақытын қолданады.

Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жазқыскүзкөктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтады.

Қазақ күнтізбесінің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа-райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған.





Зодиак белгісінің атаулары

Арабша атауы және мерзімі
(қазіргі азаматтық күнтізбесімен)


Көнетүркіше

Қазақша мағынасы

1

Қозы

қозы

Жамал (әл-Жамал) (наурыз — сәуір)

2

Үді

торпақ

Сәуір (ай) (сәуір — мамыр)

3

Ерентұз

егіздер

Зауза (мамыр — маусым)

4

Құшық

шаян

Саратан (маусым — шілде)

5

Арслан

арыстан

Әсет (шілде — тамыз)

6

Бұғдай башы

бикеш

Сүмбіле (тамыз — қыркүйек)

7

Өлкі

таразы

Мизан (қыркүйек — қазан)

8

Чаян

сарышаян

Ақырап (қазан — қараша)

9

Иа (Сү)

мерген

Қауыс (қараша — желтоқсан)

10

Ұғлақ

теке

Жади (әл-Джади) (желтоқсан — қантар)

11

Көнек

мираб

Дәлу (қантар — ақпан)

12

Балық

балық

Үт (үт-Хүт) (ақпан — наурыз)

Қазақтар дүниенің төрт тарабын күн көзінің күндізгі жайына қарай “күншығыс”, “күнбатыс”, “оңтүстік”, “солтүстік” деп атады. Ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде үлкен мәні болды. Қазақтар уақыт есебін осы мүшел жылы бойынша жүргізді. Әрбір жыл хайуан атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталды. Мүшел жылы күн мен түннің көктемдегі теңелу кезі жиырма екінші наурызда ауысады. Байырғы Қазақ күнтізбесінде он екі айды бір жылға, үш айды бір тоқсанға, жеті күнді бір аптаға, бір күн мен бір түнді бір тәулікке есептеді және айлардың өз аттары болды: наурыз, сәуір (‘’көкек’’), мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қазақ есепшілері күннің түнге қатысты ұзару, қысқару құбылыстарын да мұқият бақылаған: күн желтоқсанда торғай адым, қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарды, шілдеде шіл адым қысқарды деседі. Қазақ күнтізбесі нде уақыт есебінің Үркер шоқжұлдызы бойынша жүргізілетін жүйесін тоғыс есебі деп атайды (Тоғыс есебі). Байырғы Қазақ күнтізбесінде жыл басы көктемдегі күн мен түннің теңелуі (жиырма екінші наурыз) күнінен басталады. Бұл күні жаңа жыл – наурыз мейрамы өткізілді. 

Темірқазық -көктің кіндігі.Темірқазық бойынша осы меридианнан өтуін бақылау астрономияда белгілі тәсіл. Ертедегі астрономдар осындай оңай тәжірибеге сүйеніп құнды өлшеулер жүргізген. Қол диірменнің ортасы сияқты Темірқазық- аспанның ортасы. Осыдан білетініміз, өзге жұлдыздардың бәрі қозғалады, Темірқазық қозғалмайды, аспан диірменнің тасы сияқты ортасындағы Темірқазық айналады.

Қазақтардың аспан денелеріне қойған аттары да өздерінің мал бағушылық өмірінен алынды. Жұлдызды аспан картасын олар Темірқазықтан бастады. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бағыт-беталысын бағдарлайтын астрон. компасы іспетті болды. Оның жанындағы екі жұлдыз “Ақбозат”, “Көкбозат” деп аталды. Жетіқарақшы қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрон. сағаты еді. Күздің ұзақ таңында күзетшілер Жетіқарақшыға қарап кезек ауыстырды. Юпитерді – “Есекқырған”, Марсты – “Қызыл жұлдыз”, Сириусты – “Сүмбіле” деп атады. Бұлардың аспан күмбезіндегі орнын, қозғалысын біліп отырды. 



Үркер есебі – қазақ күнтізбесінің арқауы. Түнгі аспанға қарасаң ондағы жұлдыздардың санына жету мүмкін емес. Олардың ішіндегі аса жарығы да , жай көзбен әзер көрінетіндері де баршылық. Сөйтсе де, көне дәуірлерде өмір сүрген ата- бабамыз неліктен Үркер жұлдыз шоғырын таңдап алған деген заңды сұрақ туады. Ғасырлар бойы мәдениетті елдердің қолданып жүргені –Күн күнтізбесі.

Біріншіден ,Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда шоқтай болып,көзге бірден түседі. Екіншіден, 14 мамыр мен 21 маусым аралығынан басқа уақыттарда Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда көрініп тұрады. Үшіншіден, Ай батыстан туып шығысқа қарай қозғалғанда, Үркер шығыстан туып, батысқа қарай қозғалады. Бір -біріне қарсы қозғалған екі аспан денесінің кездескен уақыты , яғни «тоғысқан» мезгілі уақытты дәл белгілеу үшін таптырмас белгі. Қазіргі ғылымда мұндай уақыт мөлшерін Жұлдызды Ай есебі деп атайды. Оның мөлшері жуық түрде 27 күн 7сағат 43 минутқа тең.

Тілімізде Тоғыс есебіне тікелей қатысты сөз тіркестері көп сақталған. Солардың бірі «қырқына шыдап, қырық біріне шыдамапты»- деген сөз. Енді осы тұрақты сөз тіркесін математика тіліне аударғанда мынадай қызық есеп пайда болады:

28 күн *39 ай= 1092күн / 40ай = 27,3күн « 27күн 7сағат 12минут»

28 *40ай=1120күн/ 41 ай = 27,317күн «27күн 7сағат 36минут»

1092 / 3жыл =364күн, 1120күн/3 жыл=373,33 күн.

Яғни 40 айда Тоғыс есебі мен Күн жылы жуық түрде дұрыс теңеледі.

Үркер шоқжұлдызының қазақтар үшін мәні болды. Қазақтар Үркердің аууынан күн райы өзгереді деп білді. “Үркер жерге түспей жер қызбайды” деген содан қалса керек. Халық есепшілері Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалаған, бақылап отырған, шаруашылық маусымдарын соған сәйкестендірген. Орион шоқжұлдызына ерекше көңіл бөліп, оны әр алуан аттармен: Арқар, Үш арқар, Таразы, Шідер деп атады. Шілденің аяғында “Таразы жұлдызының” тууы жаздың өтіп, аптаптың беті қайтқандығын аңғартады. Қазақ есепшілері бұл жұлдыздың көрінуіне қарап: “Таразы туса, таң салқын, бидай, тары піседі” деп тұжырымдайды. Сүмбіле туған соң жаз аяқталып, малдың тынышын алатын шыбын-шіркей кешікпей жоғалады. “Сүмбіле туса – су суыр” деген сөз егін орып, отын-су жинап, жылы үй дайындап, қыстың қамын ойлауды аңғартады. Қазақ есепшілері жыл айларын дұрыс есептеу үшін Айдың қозғалысын үнемі бақылап отырды. Олар бір жылды он екі айға, айды үш ондыққа (отыз күнге) бөлген; жыл мезгілдерін Күннің Үркерге қарағандағы жайына қарай да белгілеген. Күн көзіне негізделген жылдың айларын қазақтар “жұлдыз” деп атады. Бұл Жердің, Айдың он екі фазасына сәйкес он екі зодиактық шоқжұлдыздардың санын еске салады.

Аспан сағаты Жетіқарақшы. Қазақ атаулы түгел білетін шоқжұлдыздардың бірі Жетіқарақшы (Большая медведица) . Жетіқарақшы бір тәулікте Темірқазықты (дүние полюсін)бір айналады. Оның іңірдегі, түн

ортасындағы таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы келеді.

Жетіқарақшы батпайтын жұлдыз, ол тек шырайланады. Төрт жұлдызы бары оның бас жағы. Артындағы үшеуі ол құйрығы. Ол күндіз де жүреді.

Қорыта келе физика мен астрономияны оқыту оқушылардың ой өрісін қарқынды дамуына маңызды үлес қосады. Физика мен астрономия Әлем құрылысы мен дамуы туралы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға теңдесі жоқ үлес қосып отыр.

Қайсібір шоқжұлдыздардың атауы ата –бабаларымыздың тұрмыс салт, әдет ғұрып , ғарыштану және діни түсініктермен байланыстырған. Астрономия

тарихын зерттеуші орыс ғалымы Д.О.Святскии өз еңбектерінде дала қазақтарының Темірқазық пен оның маңындағы бірнеше жұлдыздарды аспан қазығына арқандандалған жылқы ретінде бейнелейтінін жазған. Түркі халықтарының көпшілігінде шөміш тәріздес пішінін құрайтын жеті жұлдыз Жетіқарақшы немесе Жетіген, моңғолдарда Жеті құдай , Жеті қарт, башқұрттарда Жеті қыз, эстондарда , орыстарда Арба, сібірліктерде Бұғы, ал ежелгі гректерде Үлкен аю ретінде танылып, сол мағынаға сәйкес әр елдің өзіне тән аңыздары сақталған. Осы жеті жұлдыздың бұлай аталуын қазақтар жеті ұрының қуғыншылардан қашып, көкті паналауымен түсіндірсе, ежелгі грек аңызында Зевс құдай аюды аңшыдан арашалап аспанға шығарғаны айтылады.

Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыз шекаралары Халықаралық астрономия одағының (ХАО) арнаулы қаулысы бойынша бекітілген , бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ.

Шоқжұлдыздардың 31-аспанның солтүстік жартышарында, 48-оңтүстік жарты шарында , ал қалған 9-аспан экваторының бойында екі жарты шарға да ортақ орналасқан. Халықаралық деңгейде шоқжұлдыз атаулары латын тілінде қолданылады. Ұлт тілдерінде олар латын тілінен тікелей аударылып қолданылады. Мысалы, бізге қазақ халық астрономиясынан жақсы таныс Жетіқарақшының астрономиялық аталуы – Үлкен Аю, Үшарқар Таразы-Орион, Қамбар -Арыстан, Қарақұрт – Кассиопея деп аталады.

Жетіқарақшының қос жұлдызы Жігіт пен Қыз , Қыранқарақшы немесе Жекебатыр мен Үлпілдек деп бірнеше түрде аталған. Олардың халықаралық астрономиялық атауы Мизар және әл Күр . Қазақ халқына осы аталған жұлдыздар туралы аңыз бойынша , Темірқазыққа екі ат арқандаулы, олар түнімен Темірқазықты айнала оттайды. Екі жұлдыздың қазақша атаулары Ақбозат, Көкбозат.Осы екі аттың иелері де жұлдызды аспанда орын тепкен.

Олар Айдасон мен Ағласон деп аталатын екі жарық жұлдыз Жетіқарақшы шоқжұлдызының екі жағын ала орналасқан. Күзетші жұлдызы Ақбозат пен Көкбозатты Жетіқарақшыға алдырмай күзетеді. Қарақшылар аттарды алғаннан соң Үркерді шаппақшы. Қазақ халық астрономиясында кейбір жұлдыздар мен шоқжұлдыздар дың шығу және бату заңдылықтарын пайымдайтын жұлдыз ережесі бар. Солардың бірінде «Үркер, Үшарқар Таразы және Сүмбіле үш айда туып, бір айда батар» деп айтылады.

Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшеу үшін астрономиялық құбылыстармен тығыз байланысты табиғи бірліктер қолданылады.

Адамзат тарихында әртүрлі елдерде әр кезеңде күнтізбелердің көптеген түрі пайда болды. Оларды дайындау негіздеріне байланысты Ай,Күн,Жұлдыз және Ай- Күн күнтізбелері деп бөлуге болады.



Ең көне күнтізбе – Ай күнтізбесі. Ол біздің дәуірден бірнеше мың жыл бұрын пайда болған. Ай күнтізбесі мұсылман елдерінде кеңінен тарады. Бұл күнтізбеде мүмкіндігінше жаңа туған Аймен сәйкестендіріледі. Тақ санды айларда 30 , жұпа санды айларда 29 тәулік бар. Демек, орташа ұзақтығы 29.5 тәулікке сәйкес. Бұл мерзім өліаралық ай ұзақтығынан қысқа болғандықтан, күнтізбеде біртіндеп басталуы мен жаңа Айдың тууы аралығында сәйкессіздік пайда бола бастайды. 30 Жылда Ай 11 күн ерте туатын болады. Бұл мәселені шешу үшін әр 30жылда11 рет кәбиса енгізіледі. Кәбиса жылдардағы қосымша тәулік жылдың соңғы айында қосылады. Сондықтан жыл ұзақтығы 354немесе 355күн. Осының салдарынан мұсылман күнтізбесінде жыл басы 1мұххарам осы күнгі қолданыстағы Григорян күнтізбесіне қатысты алғанда ,әр келесі жылы10-11 күн ерте келіп отырады. Мұсылман дәуірінің басталуы, яғни хижра жыл санауы Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларының Меккеден Мединаға көшуінен басталады

(622жылдын 16шілдеден).

Айдың жұлдыздық мерзіміне негізделген жұлдыз күнтізбесінің іс жүзінде қолданылуы өте сирек. Ол тоғыс күнтізбесі деп аталатын қазақ халық күнтізбесінде қолданылады.

Тоғыс есебі бойынша , тоғыс айының басталуы Ай мен Үркердің тоғысуына , яғни Үркер маңынан өту кезіне сәйкес. Тоғыс айлары осы кезде ай қандай жаста болуына байланысты аталады. Жұлдыздық ай мен өліаралық ай дың айырмасы 2тәулікке жуық. Сондықтан әр келесі тоғысу Айдың жасы бойынша соңғысынан тәулікке кем. Тоғыс жылының басы бір тоғыс айынан ,яғни жаңа Айдың Үркермен тоғысуынан басталады. Бұл кез көкек айының соңы мен мамыр айының басы аралығына келеді. Тоғыс айының ұзақтығы 28 тәул. Бір жылда13 тоғыс айы бар, демек, тоғыс жылының ұзақтығы 364 тәулікке тең.

Күн қозғалысына негізделген күнтізбе жасауда екі мақсат көзделеді.

Оның бірі күнтізбелік жыл ұзақтығы тропиктік жыл ұзақтығына өте жақын болуы, екіншісі көктемгі күн мен түннің теңелу сәті жиырма бірінші наурызға дәл келіп отыруы.

Шығыстың ұлы ақыны әрі ғалым математик , астроном Омар Хайямның (1040-1123жж) XI ғасырда жасаған күнтізбесі өзінің дәлдігі бойынша осыған дейін жасалған күнтізбелердің ішіндегі ең озықтардың бірі болып саналады.Оның күнтізбесінде33  жылдық мерзімінің 365, 2242 тәулік,бұл тропиктік жылдан небәрі 22 с ұзақ.

Ай –Күн күнтізбелерінің негізінде тропиктік жыл және өліаралық жыл жатыр, яғни күнтізбе Ай қозғалысы Күннің жылдық қозғалысымен сәйкестіріледі.

Қазіргі кезде халықаралық деңгейде қолданылып жүрген күнтізбенің тарихы б.д.дейінгі 46 жылы Рим императоры Юлий Цезарьдің жаңа күнтізбе енгізуден басталды.

Ай - қазақы ортада тіршілік цикліне байланысты атқарылған салттар, ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесінде ерекше орны мен мәні бар аспан денелерінің бірі. Ал халықтық астрономия мен метеорологиялық тәжірибенің ең іргелі саласы айға қатысты қалыптасты.

Ай - ең алдымен, қазақтардың исламға дейінгі байырғы дүниетанымындағы киелі рух иесі ретінде мінәжат еткен аспан денесі.

«Ай көрдім, аман көрдім», - деген тұрақты сөз тіркесінде көрініс тапқан айға тәу ету ғұрпы осы аспан денесіне байланысты ежелгі наным-сенімдер және осыған байланысты атқарылатын ғұрыптардың кіріспесі іспеттес. Айға сәлем беру ғұрпы туралыШ.Уәлиханов еңбегінде: «Ертеде қазақтар жаңа туған Айға тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжат етеді. Жаздыгүні болса, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды», - деп жазған.

Ғұрыптың мәні - әулетім оттай қаулап өсе берсін, пәле-қазадан аман болайық дегенді білдіреді. Сондай-ақ, айға қарап тілек тілеп, бет сипайды: Ай көрдім, аман көрдім, Бұрынғыдай заман көрдім, Жаңа Айда жарылқа, Ескі Айда есірке! Тірілерге жиған бер, Өлілерге иман бер, Аллаһу акбар! Жалпы адамзатқа ортақ әмбебап түсініктер жүйесі сияқты, қазақтар да жер жаһанға жылылықты, жаңбыр мен қарды, ыстық пен суықты беретін құдірет аспан денелерінің ішіндегі ең киелісі де, құдіреттісі Ай (және Күн) деп есептеп, оған табынды. Ежелгі түсінік бойынша, ай фазаларының өзгерісі тіршілік дүниесіне әсер еткен. Айталық, толған Айдың сәулесі басы ауыратын, сақинасы бар адамдарға әсер етеді деп сенген. Ай толған кезде адамға қауіпті әсері болады деген наным-сенімге байланысты көптеген ырымдар қалыптасты: жалаңбас далаға шығуға, сыртта ұйықтауға, Айға ұзақ қарауға, жас нәрестенің бетіне Ай сәулесін түсіруге болмайды деген сияқты. Өйткені, Ай бетінде кірпік санайтын кемпір бар- мыс. Аталмыш тыйымдар сақталмаған жағдайда, әлгі кемпір кесір-кесапат әкеледі. Сондай-ақ, Айға қарап дәрет сындыруға тыйым салынды. Себебі, бұл рухты шамдандырады, сөйтіп, тыйымды бұзған адам ұшынады немесе ауру мен кесірге тап болады-мыс. Байырғы мифологиялық түсінік бойынша, Ай тек адамға ғана емес, төрт түлік малға да әсер етеді деп есептелінді.

Өзінің жақсы көретін немесе киелі деген малдарының мүйізі мен тұяғын қазақтардың Айға теңеуінің эстетикалық мәні ерекше: Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді сиырым, Ай мүйізді қошқарым, Ай мүйізді ақ серкем деген сияқты. Сондай- ақ, тіршіліктің түпқазығы төрт түлік малдың тұяғы мен мүйізін табиғатының өзге құбылыстарына емес, тек Айға ғана теңеуі халықтың айды ерекше құрмет тұтып, оны мал басының амандығының кепілі деп есептеген наным- сеніммен тығыз байланысты. Ай жаңарғанда кейбір ауру түрлері, айталық, теміреткі, жара, қышыма тәрізді тері аурулары да қозатындығын халық аңғарған.

Жаңа туған Ай мен толған Айды құрметтеу нышаны оған қатысты қалыптасқан ұғымдарда көрініс береді. Әсіресе, толған Ай мен жаңа туған Айға байланысты ерекше ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесі қалыптасты. Сондай-ақ, Ай сұлулықтың эталон-символы да болды. Фольклорлық дәстүрде нәрестенің немесе сұлу қыздың жүздерін жаңа туған Айға немесе толған Айға балап айту ең көп ұшырайтын дәстүрлі теңеу болып табылады (туған Айдай, туған Айдай иілу, туған Айдай балқу, туған Айдай толқу, он бестегі Айдай, толған Айдай толықсу, Ай дидарлы және т.б.) 

Айға байланысты түрлі ырымдар қазірге дейін халық ішінде едәуір сақталған. Мысалы, ескі наным бойынша, Күн батқаннан кейін, әсіресе, Айлы түнде үйден сыртқа сүт алып шығуға болмайды. Егер бұл тыйымды амалсыз бұзуға тура келсе, онда сүт құйылған ыдыстың бетін Ай сәулесі түспейтіндей етіп, көлегейлеп жабу керек. Бұл шарт орындалмай, сүтке Ай сәулесі түссе, малдың желіні ісіп кетеді. Сөйтіп, мал желін ауруына шалдығып, «ақ болып кетеді» деп сенген.

Қазақта Айға байланысты қолданылатын Айды қолыңмен көрсетпе, Ай сәулесін бетіңе түсіртпе, Ай толғанда желі тартпа, жаңа Ай туғанда қойға қошқар жіберме, Ай толғанда көшпе, Ай толғанда қыз ұзатпа, Ай толғанда үй тікпе деген тыйымдар осы аспан денесіне қатысты наным-сенімдер мен ғұрыптардың өте күрделі болмысын айғақтайды.

Әр Айдың қараңғысында, яғни соңғы фазасында Айдың тіліктей сұлбасына, яғни «кемігеніне» байланы¬сты қазақы ортада ерекше наным-сенімдер қалыптасты. Мысалы, Айдың қорғалануы - Айдың көмігенің немесе кеш туғанын білдіретін ұғым. Осы тұрақты тіркесті түсіндіретін прецедентті мәтін бар. Аңыз бойынша, ерте кезде Күн менАй егіз туған сұлу қыздар екен. Күнге қарағанда Ай сұлуырақ болыпты. Күндердің күнінде Ай сұлулығын айтып, Күннің алдында мақтаныпты. Бұл күннің қызғанын туғызады да, ол Айдың бетін тырнап, бетіне даң түсіреді. Содан бері күнге жақындап барғанда Ай қорғалап, бетін жасырады. Ал, қашықтағанда Ай толып, Күннің қызғанынын қоздыру үшін бетін түгел көрсетіп, мақтанады-мыс.

Ай және Айға байланысты сан алуан құбылыстарды зерделеу арқылы ауа райын болжау қазақтың халықтық астрономиясы мен метеорологиялық тәжірибесінің ең іргелі бағыттарының бірі болып табылады. Аймен байланысты құбылыстарға, әсіресе, олардың басқа аспан денелерімен байланыстарына ерекше мән берілді. Осы арқылы бір жылдағы, бір айдағы немесе алдағы күннің ауа райына болжамдар жасалды. Ай есебі бойынша Айдың көк жүзінде көріну фазаларына байланысты айдың бірінші жартысын айдың жаңасы, ал соңғы жартысын айдың қараңғысы деп жіктейді. Халық арасында жаңа туған Айдың көзге көрінбейтін алғашқы екі күні мен батар Айдың соңғы көзге көрінбейтін екі күні өліара деп аталады. Ай жүзінің көзге көрінетін алғашқы 4-6-күндері (яғни өліарадан кейін) «туған ай» деп аталады.

Бітер айдың көзге көрінетін соңғы 4-6-күндері (яғни өліараға дейін) «батар ай» деп аталады. Туған ай мен батар айдың арасындағы фазасы - шамамен 12-15 күн «ай арасы» деп аталады. Халықтық түсінік бойынша, Айдың 15-күні, яғни Айдың толық көрінетін кезі «толық ай» немесе «толған ай» деп аталады. Анығында, аталмыш толық Ай мерзімі 3-4 тәулікті қамтиды.

Айдың Үркерді басып өтуі тоғыс деп аталған (толығырақ қ. Тоғыс).

Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-бірінен алыс болса, халық тәжірибесінде «бұл екеуі бір-бірінен қырбай болған екен, қырсығы мал мен жанға немесе игі еді» деп қауіп ететін болған. Егер олай болмай Үркер мен Ай жақын орналасса, «екеуі жараса қалған екен, мал мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп жақсылыққа жорыған. Жаңа туған Ай орағы қылдырықтай болып, батыс көкжиектен кеш қараңғысында көрінетіні белгілі.

Егер Ай шалқалап туса, күн райы мал баққан шаруаға, шаруашылыққа қолайсыз болады. Ал қыста шалқасынан туған Ай аяздың қатты болатындығын білдіреді. Сондықтан, шаруа баққан адам шалқалап туған Айды жақтырмай, үйелеп қалған малға ұқсатады. Ондайда «жарықтың, жатысың өзіңе жайлы болса да, елге жайсыз» деп кейіс білдірген. Ай тігінен туса, «Ай жайлы туыпты, күн райы шаруаға қолайлы болады», «Ай қырынан туса күн жылы болады» деп жақсылыққа жорып, қуанатын болған. Сондай-ақ, Ай қораланса ауа райы бұзылып жайсыз болады деп болжаған. Осындай түсінікпен байланысты байырғы мәдени-тілдік ұжымда Ай оңынан туды деген тұрақты сөз орамы және «Айың оңынан тусын!» деген оң мағынадағы әрі тілек, әрі бата сөз тіркестері қалыптасты.

Ай санау . Дәстүрлі ортада таралған күн қайырудағы, уақыт санаудағы халықтық астрономияға негізделген бірлік атауы. Қазақ есепшілерінің үш түрлі төлтума күнқайыруы болған: оның екеуі - ай есебіне негізделген күнқайыру - Қамбар тоғысы мен Үркер тоғысы. Ал, үшіншісін жұлдыз есебіне негізделген күнқайыру немесе Үркер есебі деп аталады. Үркер есебіне негізделген күнқайыру күллі қазақ жұртшылығына ортақ ай есебі қалыптастырды. «Ай-айдың оты басқа» деген қазақ әр айдағы табиғат құбылыстары мен шаруашылық қарекетіне қарай туындайтын сипатына байланысты және уақыт өлшеудегі басты объект. Ай мен Күннің шығуы, батуы, Күн аясындағы уақыттың (жарықтың) ұзынды-қысқалы болуына қарай атаулар қалыптасты. Бір жылдағы ай есебі отамалы, сарша, тамыз, қыркүйек, желді (қазан), қараша, тоқсан (желтоқсан), қаңтар, ақпан, тоқпан (екі ағайынды), көкек, мамыр (құралай) деп аталды.
Мәңгілік қазақ күнтізбесі.

Қазақ ғалымы Сайлыбай Бекболатов ғылыми негізделген «Мәңгілік қазақ күнтізбесін» жасап шығарды. Егер ол ресми түрде халықаралық деңгейде қабылданар болса, әлем жұртшылығы бірден-бір дұрыс күнтізбеге ие болмақ.

Адамзат өз тарихында әртүрлі календарьларды пайдаланған. Әрине, олар табиғаттың заңдылықтарына, ең алдымен Күннің, Айдың, Жердің қоз­ғалыстарына негізделген.


Қазіргі көбірек қолданылып жүр­ген әлемдік календарьдың негізін жасаушы Рим қолбасшысы және жазушы Гай Юлий Цезарь (біздің дәуірі­мізге дейінгі 100-44 жылдар) болды. Ол Египет астрономдарының білімі­не сүйенген. Оның негізіне күндік жыл алынып, оның ұзақтығы 365,25 тәулікке созылатын болды. Жыл тек бүтін тәуліктерден тұруға тиіс болғандықтан, әр төрт жылдың үшеуі 365 күннен, ал төртіншісі 366 күннен болуы қабылданды. Сөйтіп, «кібісе» жыл деген пайда болды. Бұл календарь біздің дәуірімізге дейінгі 45 жыл­дың 1 қаңтарынан енгізіліп, юлий­лік деп аталды.1582 жылы католик шіркеуінің папасы Григорий ХІІІ бұл календарьға өзгерту енгізіп, күндерді алға қарай он тәулікке жылжыту жөнінде шешім қабылдады. Соның арқасында күн мен түннің теңелуі қайтадан 21 нау­рызға сәйкестенді. Жаңа календарь григориандық немесе жаңа стильдік деп аталса, юлийлік календарь ескі стильдік деп аталды. Гри­гориандық календарьды көптеген ел қабылдаған. Оны кеңестік Ресей 1918 жылы қабылдап, сол дәстүрмен мұны біздің еліміз де қолданып келеді.
Көптеген календарь бойынша жаңа жыл да әртүрлі күндерге сәйкес. Ай – күн – юпитер календарына ла­йық­талып, Қытай, Жапония, Вьетнам елдерінде жаңа жыл 13 қаңтар мен 24 ақпан аралығында, ал Израильде 6 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тойланады.
Жыл санаудың басы да әрқилы. Қазіргі Батыс (Еуропа және Америка) оны аңыздық «Христостың туған күнінен» бастайды.

Бұдан 100 жылдай бұрын, 1923 жылы Женевада Ұлттар Лигасында құрыл­ған Календарьларды реформалау жө­ніндегі халықаралық комитет құры­лып, алдына бір-ақ мақсат – әлемдік бірегей, өзгермейтін календарь жасау міндетін қойды. 1956 жылы мәселе БҰҰ-ның Экономикалық және әлеу­меттік кеңесінің ХХІ сессиясына шы­ғарылды. Осы ғасырда Халықаралық әлемдік календарь ассоциациясы құ­рылып, бұл мәселенің өткірлігі кү­шейе түсті. Ассоциация григориан­дық календарьды алмастыру қажет­тігі туғанын айтып отыр.


Бірақ оны алмастыратындай жаңа календарь жасала қоймаған еді. Енді соған жауап деп Сайлыбай Бекбола­товтың ойлап тапқан жаңалығы – «Мәңгі қазақ календарын» айтсақ, әбден негізді. Оған 2011 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республика­сының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқы жөніндегі комитетінің №24785 патенті берілген. Осы календарь өз елімізде қолданылса екен, әлемдік тұрғыда бағаға ие болса, соған мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе екен дейміз.
Енді қазақ ғалымы Сайлыбай Бекболатов жасаған «Мәңгі қазақ кален­дарының» мәніне үңілейік. Уақытты өлшеу негізіне астрономия аспан денелерінің қозғалысын пайдаланады. Олар: Жердің өз осінен айналуы, Айдың Жерді айналуы және Жердің Күн айналасында қозғалуы. Енді осы үш планетаның қозғалысын үйлес­тіре календарь жасау қиынның қиы­ны. Содан да бүгінге дейін олардың жеке-жеке календарьлары жасалып келді. Жоғарыда келтірілгендей, бұ­лар­дың қайшылығы, қолайсыздығы көп.
Бүкіләлемдік календарь ассоциациясы григориандық календарьды күндері, апталары, айлары дұрыс сәй­кесетін, айталық, жылдың басы апта­ның бір күніне келетін жаңа календарьмен алмастыруды қажет санайды.

Бірақ қазірге дейін ұсынылған календарьлар жобаларының ешқай­сысы да Жердің Күнді айналуы басын күн мен түннің көктемгі теңел­ген сәтіндегі нөлдік нүктеден алмай келеді. Сондай-ақ, жаңа календарьлар авторлары біздің дәуірге дейінгі ІV ғасырда календарь жасау кезінде «кібісе» жылға байланысты кеткен қа­телікті қайталай береді. Ал таби­ғат­та «кібісе» жыл деген жоқ, ол кіргізілер болса, сөзсіз жаңсақтыққа ұшыратады.


Қазақ ғалымы ұсынып отырған «Мәңгілік календарь» жобасы – таби­ғат заңдарына сәйкес келетін ғылыми негізделген календарь. Уақыттың басы қайдан дегенде, көп халық негізге діни немесе аңыздық ұғымдарды алса, Бекболатов табиғат заңына сүйе­неді. Оның жобасында жаңа жылдың басы ретінде көктемгі күн мен түннің теңдесу нүктесі алынады. Бұл кезде Күн аспан экваторын оңтүстік жартылай сферасынан солтүстік сферасына қарай қиып өтеді, оның орталығының координаты 0 (нөл) градусқа тең. Дәл осы сәтте Жердің солтүстік жарты шарында астрономиялық көктем бас­талады.
Аспан сферасындағы бұл нүкте календарьлық жылдағы уақыт пен тәуліктерді есептеудің нөлдік (бас­тап­қы) нүктесі деп алынған. Теңесу күнінде Жердің өз осінен бір тәулік­тік айналуы күн мен түн уақытының қосындысынан тұрады, олардың әр­қайсысы 12 сағатқа тең. Күн мен түн­ді бір кеңістіктегі перпендику­лярдың бойындағы екі нүкте деп есептеп, күнді + (плюс), түнді – (минус) деп таңбаласақ, олардың бір тәуліктегі көлемі 0-ге тең болады. Бұл көктемгі теңесу күні – наурыз деп аталады. БҰҰ оны бейбітшілік және халықтар достығының күні – жыл сайынғы халықаралық мереке деп атаған.
Содан да, әр жылғы бірінші ай есептеудің нөлдік нүктесінен басталып, барлығы 29 тәуліктен тұрады және ол Айдың Жерді айналу кезе­ңіне сәйкес келеді, сондай-ақ бұл бір айдың тууынан екінші айдың тууына дейін 29 тәулік мерзімінен өтеді. Ал жыл 13 айдан тұрады. Оның бірінші айында 29 тәулік, басқа 12 айында 28 тәуліктен болады.
Жыл осылайша 13 айдан, ал ай 4 аптадан, ал апта 7 күннен тұрады. Жыл төрт тоқсанға бөлінсе, әр тоқ­санда 13 апта, 91 күн бар. Бір жыл­дағы тәулік саны 365 = (91х4) +1= 364+1 =365. Осы мерзімде Жер Күнді бір рет толық айналып шықса, өз осінен де 365 рет айналады. Жердің өз осінен бір айналуы тәуліктік есептеудің негізіне алынған. Кез келген календарьлық жүйе сол тәуліктік уақыт бірлігіне негізделген. Апта, ай, жыл, цикл, ғасыр болып жалғаса береді.
Сағаттық уақыт есебінің жүйесі Жердің үстіндегі 24 сағаттық ендік­терге (меридиандарға) бөлуге негіз­делген. Олардың әрқайсысы 15 гра­дус­тық бойлыққа тең. Сағаттық ендік Гринвич обсерваториясы арқылы өте­ді. Және оны нөлдік меридиан деп есептеу келісілген. 0 сағаттық ендік + 1 сағаттық ендік + 2 сағаттық ендік + … 23 сағаттық ендік = 24 сағат. Тәу­ліктік уақыт 0 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады.

«Мәңгілік қазақ календарының» артықшылығы туралы көп айтуға болады. Басты жетістігі – оның ғылыми негізділігі. Сонан соң жылдың әрбір мезгілі, түрлі оқиғалар, жүргізілетін шаралар жыл сайын бір күнге келіп отырады. Бұл бүгінгі ақпараттың ай­рықша тасқыны артқан заманда үл­кен қолайлылық туғызады. Тіпті басқа­сын былай қойғанда, бір рет шығарылған календарьды талай жыл қатарынан пайдалануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет