Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.

Фалес дүниені тәжірибе арқылы күзетіп, ақыл, логикалық тұжырым арқылы түсіндірудің дәстүрін жасады. Ол дүниенің архэсі (түп негізі) су деп есептеді. Барша судан пайда болған. Барша сусыз өмір сүре алмайды. Су тіршіліктің анасы. Барша ақыры суға қайтады. Бұл ең алғашқы миф пен дінге ұқсамайтын ғылыми түсіндіру болатын. Дүние осы дүниелік мәлім нәрседен өзгеріп келген, дүниені дүние арқылы түсіндіруге болады, фалестің ғылыми дәстүрі осыған саяды.
Фалес қанатты сөздері:
Фалес қанатты сөздері:
1.Досың қасыңда болған кезде ғана емес,
болмаған кезде де есіңе ал.
2.Тәннің ләзатты-саулығында,
Жанның ләзатты-біліміңде.
Фалес нақылдары:
Фалес нақылдары:
Сақ философы Анахарсис жеті дана сұхбатында Фалеспен даналық жарыстырған. "Жеті ғұламаның" Амасис патшаға берген мынадай "ақыл-кеңестері" бізге жеткен.
Бірінші сөз алған - Солон: "Менің пікірімше, егер өзі мен үкімет билігін халық билігіне айналдыра алса ғана, ол патшаның даңқы артады", - дейді. Екінші - Биант: "Ол сонда ғана заңға бағынудың үлгісін жасайды", - дейді. Одан кейін Фалес: "Патшаның бақыты сол, - егер оның жасы жетіп, өз өлімімен дүниеден өтсе", - дейді. Төртінші - Анахарсис: "Ол барлығынан ақылды", - дейді. Бесінші - Клеобул: "Ол қасындағылар сезіне ермейтін патша", - дейді. Алтыншы - Питтак: "Олай болғанда бағыныштылар өзінен қорықпайды, өзі үшін қорқады", - дейді. Жетінші - Хилон: "Патша ойы өлім туралы емес, мәңгілік туралы болуы керек", - дейді. Ең соңынан - Периандр сөз алып: "Бір нәрсе ескерткім келеді: Осы айтқандардың бәрін ақылымен қорытқан адам биліктен қол үзуі қажет", - дейді.
Фалес туралы қосымша әңгімелер
Фалес туралы қосымша әңгімелер
Бірде, жазда Фалес саудагер ретінде Египетке барыпты. Оның қабілетін сынап көргісі келген Египет ғұламалары одан пирамида биіктігін өлшеп беруін сұрапты. Фалес: "егер ертең Мысыр Перғауыны өзі келер болса, өлшеп берейін" депті. Перғауын мұны естіп, ертесі пирамиданың қасына келіпті. Жұрт жиналған соң, Фалес алдымен пирамиданың ең ұзын көлеңкесін өлшепті. Сосын, сонда тұрған бір адамның бойының биіктігі мен оның да көлеңкесінің ұзындығын өлшепті.
Сосын ол адам бойының биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығының салыстырмасын және белгілі болған пирамида көлеңкесінің ұзындық шамасын пайдаланып пирамида биіктігін оп-оңай есептеп беріпті. Бұған таң ғалған Мысыр ғалымдары оған Оракл (ғұлама) атағын беріпті. Кейін пифагордың пифагор теориясын тапқырлауына да Фалестің осы әдісі көмектескені анық.

Бірде, Фалес қас қарайған кезде жұлдыздарға қарап ойланып келе жатып аяғының астындағы көлшікке шалынып құлап қалыпты. Мұны көрген су алуға кетіп бара жатқан бір әйел мазақтай күліп "Фалес-ау, аспанға қараудан бұрын алдымен аяғыңыздың астына қарап алсаңыз етті!" депті, кекетіп. Сонда фалес: "Аспанды дұрыс көрмесең аяғыңның астын да дұрыс көріп жарытпайсың, менің құлап қалуым аяғымның астын дұрыс көре алмаудан емес, аспанды дұрыс көре алмаудан" деген екен.
Сөз мағынасы, "тек ғарыштық ақиқаттарды дұрыс түсінсең ғана тұрмыс-тіршілікте адаспай дұрыс жүре аласың" болса керек. Ол және сол жерде жұртқа қарап "ертең жаңбыр жауады екен" депті. Расында ертесі жаңбыр жауыпты. Сонымен жұрт арасында "Фалес жер-әлемдегінің бәрін біледі, бірақ аяғының астын білмейді" деген қалжың сөз тарапты. Кейін ағылшын ақыны Оскар Уайльд Фалестен шабыт алып: