Сахуова Н. А мпко-101 тобы студенті



Дата08.02.2022
өлшемі17,66 Kb.
#119156
Байланысты:
к.маркс кедей мен бай
к.маркс кедей мен бай, ЕДӘ №2 практикалық сабақ, Эссе және оның түрлері-melimde.com

Сахуова Н.А
МПКО-101 тобы студенті
snazerke567@gmail.com
СӨЖ №1
К.Маркстың кедейлер мен байларға қатысты көзқарасы
Эссе
«Әлеуметтік теңсіздік» дегенді естігенде бірден ойымызға келетіні, қоғамның бай мен кедей деп бөлінуінде. Әлеуметтік теңсіздік – қоғамда орын алып жатқан жағдай. Адам эволюциясымен қатар дамып келе жатқан бұл құбылыс адамдар арасында жасы бойынша, әлеуметтік жыныс бойынша және этникалық формада орын алады. Бірақ оны глобальды проблема деп қабылдауға бола ма? Егер қабылдасақ онда оның шешімдері қандай?
Бұл мәселеге қарасты әлеуметтанушылардың пікіріне келер болсақ, әлеуметтанушы , философ К.Маркс көзқарасы бойынша ,ол байларды әлсіретіп , қарапайым халыққа лайықты өмір сүруді жандандыратын коммунистік революциядан үміттенді. « Кедейлік- табиғи құбылыс немесе Құдайдың жазғаны емес» ,- деп қарсы шыққан К.Маркстың өз замандастарынан айырмашылығы да осы болған еді.Оның айтуы да орынды. Тағдырдың. ,Құдайдың жазғаны деп отыра берсек,әрине,кедейліктен айырылмаудың бірден-бір себебі де осы.Маркстың айтуынша, кедей мен байлар арасындағы экономикалық мүдде конфликтіге әкеледі деп санады.Мысалға: Египеттегі азық-түлік бағасының өсуі. Бірақ , мәселе әлеуметтік теңсіздікте емес, әділетсіздікте емес пе? Әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздік ұғымының бір-бірімен байланыстығы да сол үшін деп түсінемін. «Кедейлік пен теңсіздік жекеменшікке бағытталған .Өте бай адамдар әлемдік экономиканы басқарады» деп болжаған К.Маркс ,әрине, қарапайым халықтың жағдайына мазаланғаны ,күйзелгені анық. Бай адамдардың ықпалынан қарапайым халыққа тиген зиян деп қабылдауын да мән бар шығар.
Енді мәселеге қатысты 2 жақты көзқарас болуы заңдылық. Басындағы сауалға қайта келсек, әлеуметтік теңсіздікті қоғамдық проблема деп қабылдауға бола ма? Менде дәл осы сауалға 2 жақты көзқарас орныққан. Біріншісі- қоғамдық проблема деп қабылдарық. Яғни ,К.Маркс көзімен қарағанда неге бай мен кедей арасында конфликт орнасуы мүмкін. Проблема болса ,онда оның шешімдері болуы да дұрыс емес пе? Болашаққа деген сенімсіздік , түрлі митинг , қарсыластар , адамның жеке ойлары (бай адамға деген көреалмаушылық, көрсеқызарлық) , алға қарай жылжудың жоқтығы , психологиялық тұрғыдан басыну- осының бәрі әлеуметтік теңсіздіктің «минус» жақтары. Екіншісі-проблема деп қарастырмасақ ше?К.Маркс «көзге ілмеген жайтқа» тоқталсам ,үлде мен дүлбеге оранған бай адамның өміріне қарап кедей топ «менде осылай боламын» деп алға қарай жылжитындарды неге ескермеске? Яғни, мемлекеттің ары қарай дамуына стимул. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына келсек, барлық адамды тең дәрежеге біріктіруден не ұтты? Сонымен қатар , әлеуметтік теңсіздікке қарсы келу арқылы бұрыннан қалыптасқан табиғат заңына қарсы келуден не ұтамыз ? Бай мен кедейдің , билеуші мен оған бағынушылардың болуы заңдылық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет