Сабақтың тақырыбы: Келер шақ Сабақтың мақсаты: Етістік туралы түсінікті кеңейту, келер шақ етістіктерімен танысу



Дата11.01.2017
өлшемі243,75 Kb.
#7298
түріСабақ
Каратаева Сапаркул Аязбековна,

«Асыл мұра» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

ОҚО, Мақтарал ауданы

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ




Сабақтың мақсаты:

1.Етістік туралы түсінікті кеңейту, келер шақ етістіктерімен танысу.

2.Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз бетінше жұмыс істеп, өзін-өзі бағалауға дағдылану.

3.Оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: «Крестиктер-нөлдіктер», «Досыма хат», «Стикерлер сөйлейді» әдістері, «Теңге алу», «3, 2, 1» бағалау техникалары.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар,стикерлер, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық ахуал.

2.Амандасу рәсімі:

Ақ көңіл, адал ниетпен,

Мөп-мөлдір,таза жүрекпен,

Қайырлы күн ұстаздар!

Қайырлы күн, достым!-деп,

Күніміз сәтті болсын деп,

Күнделік беске толсын деп,

Сабағымызды бастаймыз!
3.Оқушыларды түсті стикерлер

арқылы топқа бөлу:

І топ-Осы шақ

ІІ топ-Өткен шақ


ІІ.Өткенді қайталау. «Крестиктер- Нөлдіктер» ойыны. Сұрақ-жауап:

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Етістік дегеніміз не?

3.Жалқы есім дегеніміз не?

4.Туынды етістік дегеніміз не?

5. Кітап сөзін септе.

6.Дала сөзін септе.

7.Оқушы сөзін жікте.

8.Дос сөзін тәуелде.

9.Жалғаудың түрлерін атап бер.


ІІІ. Жаңа сабақ. «Теңге алу» ойыны.

Слайдта көрсетілген суреттерді екі топ өз шақтарына қойып, жіктейді.

-Балалар, «Оқушылар ертең көрмеге барады» деген сөйлемде етістік қай сөз?

-Ол осы шақ па,өткен шақ па?

-Дұрыс, келер шақ. Бүгін сендерменен келер шақпен танысатын боламыз.

1.Көркем жазу.

Қасаба, қом,сықырлауық, жабағы
44-жаттығу.Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз.

Мен көмектесемін. Біз көмектесеміз.

Сен көмектесесің. Сендер көмектесесіңдер.

Сіз көмектесесіз. Сіздер көмектесесіздер.

Ол көмектеседі. Олар көмектеседі.

Ережені оқып,түсіндіру.(Слайд)

Сергіту кезеңі

45-жаттығу. Көшіріп жаз.Етістіктерді тап, қай шақта тұрғанын айт.

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайың ағашынан скипидар,спирт алады.

Қайың ағашы туралы әңгімелеу. (слайдта қайың ағашы мен бүршіктерін көрсету)

46-жаттығу. Бос тор көздерге тура келетін етістіктерді тауып жаз.

«Эстафета» ойыны бойынша екі топ жарыса толтырады.


































































































47-жаттығу.Сурет бойынша критерийге сай әңгіме құра.(Слайдта)

Критерийлер: 1.Мәтін 4 сөйлемнен кем емес.

2.Еңбек туралы мақал қолданған.

3.Сауатты жазылған.

«Досыма хат» әдісі бойынша екі топ бірін-бірі тексереді.

ІҮ.Сабақты пысықтау. «Стикерлер сөйлейді.»

Оқушылар стикерлеріне өз шағында бір етістік болатын сөзді жазады және оны келер шаққа айналдырып жазады.

Ү.Қорытынды.Оқушыларды бағалау.

Критерий бойынша бағалау. Қай топ теңгені көп алды?


ҮІ.Үйге тапсырма:1.Ережені жаттау.

2. 48-жаттығу-жазу.



3.Шығармашылық тапсырма:Келер шақ етістіктерін қатыстырып мәтін құрау.

ҮІІ. Кері байланыс. «3, 2, 1» әдісі. 3 ұнаған, 2 ұнамаған,1 қиналған сәтті жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет