Лекция жинағы Шымкент 2019



бет31/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Көмірсулар

Көмірсулар кең тараған қосылыстар тобы. Жалпы формуласы (СН2О)n. Көмірсулар өсімдіктер тірі затының негізгі массасын құрайды. Өсімдіктерде олар құрылымдық функция атқарады және қоректік заттардың қоры.

Көмірсулардың бәрі альдегидтер немесе китондар және олардың молекуласында әрдайым бірнеше гидроксил группалары болады. Химиялық қасиеттерін осы группалар анықтайды.

Көмірсулар үш класқа бөлінеді: моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер.

Моносахаридтер – жәй қанттар. Молекуладағы көміртегінің атомдары-ның санына байланысты моносахаридтерді триоза (3С), тетроза (4С), пентоза (5С), гексоза (6С) және гептоза деп ажыратады. Табиғатта жиі кездесетіні – пентоза мен гексоза. Молекуласында жеті көміртегінен артық бірде бір қант болмайды. Д-рибоза тірі жүйенің маңызды және универсалды компоненті. Д-рибоза және оның туындысы дезоксирибоза энергия мен информацияны жеткізетін реакцияға қатысады. Моносахаридтер бір-бірімен қосылып олигосахаридтер (гректің олиго – аз және sakkharon – қант деген сөздерінен шыққан) деп аталатын қанттың 2-9 қалдықтарынан тұратын тізбектер кұрай алады. Олигосахаридтердің ішіндегі ең маңыздысы – дисахаридтер. Дисахаридтердің ең кең тарағандары – мальтоза, лактоза және сахароза. Мальтоза, амилаза ферментінің әсерінен крахмалдың қорытылуы кезінде пайда болады. Мысалы, жануарлар организмінде немесе тұқым көптеген кезде. Лактоза немесе сүт қанты тек сүтте болады. Сахароза барлық фотосинтездеуші өсімдіктерге тән, сонымен бірге жануарларға төменгі молекулалық қоректік зат бола алады.

Полисахаридтер молекулалары тоғыз моносахаридтік қалдықтардан тұратын тізбек тәрізді қосылыстар. Гликоген мен крахмал – жануарлар мен өсімдіктердің басты полисахаридтері. Гликоген – жануарлар жасушаларының маңызды энергия көзі. Бауыр мен бұлшық ет жасушаларында көп болады. Бауырдың гликогені өзара –  глюкозидтік байланыспен қосылған, глюкоза-ның 30 000 қалдығынан тұратын полимер. Гликоген үнемі ыдырап тұрады және бауырдың глюкозасы мен бұлшық еттің сүт қышқылынан жаңадан түзіледі.

Крахмал өсімдіктер жасушаларында жиналатын жарық микроскопымен гранула немесе дән күйінде көрінетін қоректік заттың қоры.

Целлюлоза – өзінше немесе басқа қосылыстармен (лигнинмен) бірігіп кездесетін өсімдіктердің негізгі құрылымдық компоненті. Өсімдіктерде болатын көміртегінің 50% жуығы целлюлозада болады және өзінің жалпы массасы бойынша, целлюлоза жер бетіндегі органикалық қосылыстардың ішінде бірінші орын алады. Целлюлоза өсімдіктердің жасушалық қабырғасы-ның құрылымдық компоненті болуымен бірге ол кейбір жануарлардың, бактериялардың және саңырауқұлақтардың қорегі. Целлюлозаны глюкозаға дейін ыдырататын целлюлаза ферменті табиғатта біршама сирек кездеседі. Сондықтан жануарлардың көпшілігі целлюлозаны пайдалана алмайды. Бірақ та күйіс қайтаратын малдарда (мысалы, сиырлардың ішегінде) целлюлозаны қорытатын бактериялар болады.

Хитин өзінің құрылысы мен функциясы жағынан целлюлозаға ұқсас, құрылымдық полисахарид. Хитин кейбір саңырауқұлақтарда кездеседі, олардың жасушалық қабырғасында тіректік рол атқарады және қайсыбір жануарлар тобында (шаянтәрізділерде, насекомдарда) сыртқы қаңқасының маңызды компоненті болып саналады.

Мукополисахаридтер – органикалық негіздермен және белоктармен қосылған құрамында гексозамин молекулаларының көп саны бар молекула-лық массасы жоғары полимерлер. Мукополисахаридтердің екі тобын ажыратады: 1) нейтралдық мукополисахаридтер (хитин жатады), 2) қышқыл мукополисахаридтер (гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, гепарин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет