Лекция жинағы Шымкент 2019



бет32/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Липидтер

Липидтер цитоплазманың 30%-не жуығын құрайды. Липидтер химия-лық құрылысы жағынан түрліше болады; оларды бір топқа химиялық емес физикалық қасиеттеріне – органикалық еріткіштерде ерігіштігіне қарап біріктірген. Бұған жататындар: қосылыстардың түрлі кластары. Олардың ішіндегі маңыздылары – май қышқылдары, майлар, глицерофосфатидтер, сфинголипидтер және стероидтер.

Тірі материядағы май қышқылдарының маңызы үлкен. Олар энзимдерге субстраттар болып есептеледі. Осыған байланысты жүретін катаболизмдік реакциялар энергияиың бөлінуіне әкеліп соғады. Сонымен бірге май қышқылдары күрделі липидтердің құрамына кіріп, цитоплазмалық органеллалардың жасушалық және субжасушалық құрылымдарын құрайды. Май қышқылдарының суда ерімейтін қасиеті, липидтік комплекстерді биологиялық тоқ сауылдар функциясын атқара алатын құрылымдарға айналдырады. Май қышқылдары энергия көзі қызметін де атқарады.

Стероидтер тобына көптеген заттар жатады: жыныс гормондары, бүйрек үсті бездерінің гормондары, Д витамині, өт қышқылдары, тағы басқалары. Құрамында бір ОН тобы бар стероидтер стеролдарды құрайды. Олардың ішінде жасушалардың құрылуы мен тиісті функцияларын атқаруда ерекше рольді холестерин атқарады. Холестерин түрлі мөлшерде барлық жасушаларда болады. Көптеген жасушалар холестеринді өздері синтездейді. Бактериялар-дың органеллаларында мембраналар болмайды, соған сәйкес холестерин де болмайды. Сол сияқгы көк жасыл балдырларда да кездеспейді. Холестерин жасушада тотықпайды; ол фосфолипидтермен жасушалық ультрақұрылымдар-ды құрауға қажет құрылыс материалы болатын комплекстер құрайды. Холестериннің маңызы үлкен. Мөлшері аз болғанымен организмнің денсаулығына күшті әсерін тигізеді.

Фосфолипидтер құрамында фосфор мен азот бар май тәрізді заттар. Бұған жататындар: лецитиндер, ксфалиндер, сфингомиелиндер және тағы басқалары. Фосфолипидтер барлық ұлпалық липидтердің тең жартысына дерлігін құрайды. Олардың молекулалары глицериннен, суда ерігіш фосфат-тардан және май қышқылдарының гидрофобты қалдықтарынан тұрады. Фосфолипидтер – миелин мен миелиндік құрамалар сияқты кең тараған макромолекулалық комплекстердің маңызды элементә. Ол нерв жүйесінде кездеседі және патологиялық процестерде маңызды рөл атқарады. Май қышқылдарымен бірге жасушалық мембраналық құрылымдарда жиі кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет