Лекция жинағы Шымкент 2019


Цитоплазмалық кірінділер немесе



бет40/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Цитоплазмалық кірінділер немесе

параплазмалық түзілістер

Цитоплазмада органоидтардан басқа жасушаның тіршілік әрекетінің өнімдері болып саналатын тұрақсыз кірінділер кездеседі. Олардың химиялық құрамы алуан түрлі. Кірінділерді трофикалық кірінділер, пигменттік кірінді-лер, секрттер мен экскреттер деп ажыратады.

Трофикалық кірінділерге белоктар, майлар және көмірсулар жатады.

Белоктік кірінділер әдетте жұмыртқа жасушаларында және дамудың ертерек кезіндегі ұрықтардың жасушаларында байқалады. Белоктың бұл қоры ұрықтың дамуына қажет. Белоктік кірінділер омыртқалы жануарлардың көпшілігінің бауыр жасушаларының цитоплазмасында кездеседі. Өсімдіктер жасушаларының алейрон дәндері белоктан тұрады. Белок маймен және полисахаридтермен бірге қоректік заттардың негізгі бір түрі.

Май кірінділері барлық жасушаларда болады. Май цитоплазмада ұсақ тамшы күйінде жиналады. Май кірінділерінің мөлшері түрлі жасушаларда түрліше болады. Кейбір жасушаларда май кірінділері өте аз болады және заттардың алмасу процесінде өзі керегіне пайдаланады, ал қайсыбір жасуша-ларда, мысалы дәнекер ұлпасының май жасушаларында, амфибий мен балықтар бауырының эпителийінің жасушаларында, қарапайымдардың көпшілігінің цитоплазмасында май тамшылары көп болады. Май цитоплаз-маның негізгі затында жиналады.

Патологиялық процестердің салдарынан да май кірінділері көп жиналуы жиі байқалады.

Май өсімдіктер жасушаларының негізгі қоректік заттар қорының бірі. Май тамшылары барлық өсімдіктер ұлпаларының жасушаларында кездеседі. Май тамшылары көп болған кезде олар қосылып бір үлкен вакуольді құрап, ядро мен цитоплазманы шетке ығыстырып жасушаны толықтай алып жатады.

Көмірсу кірінділері жануарлар жасушаларында көбінесе гликоген күйінде кездеседі. Гликоген көлденең салалы бұлшық ет талшықтарының цитоплаз-масында, бауыр жасушаларында, нейрондарда көп болады. Эндопаразиттік организмдерге – гельминттер мен қарапайымдарға да тән.

Гликоген жасушаның энергия көзі. Гликоген гранулалары цитоплазмада ғана емес жасушалардың көпшілігінің ядроларында да жиналатынын электрондық микроскоп анықтады.

Гликогеннің синтезі тегіс эндоплазмалық тордың қатысында жүреді.

Өсімдіктер жасушаларында полисахаридтердің ішіндегі көп тарағаны крахмал. Крахмал үлкендігі мен пішіні түрліше дәндер күйінде жиналады. Крахмал картоп түйіндерінің, дәнді дақылдардың, бұршақ өсімдіктерінің және басқалардың цитоплазмасында көп болады. Крахмалдың алғашқы синтезі хлоропластларда жүреді.

Экскреттер – тіршілік процестеріне қатыспайтын алмасу өнімдері, зиянды заттар ретінде организмнен шығарылуға тиісті.

Секреттер – бездік жасушалардың бөлетін өнімдері. Секреттің құрамында организмнің қызметіне қажет ерекше маңызы бар заттар болады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларының секреттері гормондар. Ас қорыту жүйесі-нің бездерінің жасушаларында тамақты қорытуға катысатын ферментгер болады.

Секретгік кірінділер өздерінің химиялық құрамы жағынан белоктар, полисахаридтер, сол сияқты липопротеидтер мен гликопротеидтер және басқа күрделі қосылыстар.

Өсімдіктер жасушаларының цитоплазмасында кірінді ретінде эфир майлары болуы мүмкін. Көптеген өсімдіктердің жасушаларында кристалдық кірінділер, мысалы кальцийдің оксалаттары болады.

Пигменттік кірінділер дегеніміз жасушада жиналатын, оған түс беретін бояғыш заттар. Пигменттердің түрі көп. Меланин деп аталатын қара немесе қоңыр пигменттердің маңызы үлкен. Меланин тирозин амин қышқылының тирозиназа ферменттерімен тотыққан кезінде пайда болады. Өте тұрақгы пигмент. Миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен бас-аяқты моллюскалар-дың қазба қалдықтарының «сияларындағы» меланиннің күні бүгінге дейін сақталғаны белгілі. Терінің, шаштың түсі осы пигментке байланысты, организмді ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Қартайған жасушаларда жиналатын сары немесе қоңыр пигмент липофусцин ұлпаларда кең таралған. Сары немесе қызыл түсті липохром пигменттері де пигменттік кірінділер болып есептеледі. Бұл пигменттер ұсақ тамшы күйінде бүйрек үсті бездің қабық затының жасушаларында, аналық жыныс бездерінің сары денесінде жиналады. Осы органдардың жасушаларында холестеринде байқалады. Көздің тор қабатына тән пигмент ретинин, қанның қызыл пигменті гемоглабин де пигменттер тобына жатады. Өсімдіктердің синтез-дейтін қызыл және сары каротиноидтар деп аталатын пигменттер тобының маңызы зор. Олар организмде А витаминіне айналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет