Лекция жинағы Шымкент 2019


Жасуша орталығы. Құрылысы. Жасушаның өмір циклінде оның өзгеруі



бет43/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Жасуша орталығы. Құрылысы. Жасушаның өмір циклінде оның өзгеруі

Жасушалық центрді 1875 ж. Гертвиг ашқан. Екінші жылы 1876 ж. Эдуард ван Бенеден аскарида жұмыртқаларының митоз процесін зерттеген кезде бөліну фигурасының жиегінде кішкене жұмыр денешіктерді байқап, оларды «полярлы немесе орталық денешіктер» деп атаған. Кейін Э. ван Бенеден мен Бовери жасушалар бөлінген кезде орталық денешіктің бөлінетінін және пайда болған денешіктердің арасында бөліну ұршығының пайда болатыны анықтаған. Жасушалық центр барлық жануарлар жасушаларына тән. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда және кейбір қарапайымдарда болмайды.

1891ж. Гейденгайн гистологиялық препараттарды бояудың темір гемо-токсилинмен бояу әдісін ашқаннан кейін жасушалық центрдің центросома немесе центросфера деп аталған жұмыс массасының ортасында орналасқан екі хромофильдік орталық денешіктерден – центриольдардан тұратыны анықталды.

Центриольдар тобын Гейденгайн микроцентр деп белгілеген, ал екі центриольдан тұратын топ диплосома деп аталған. Жасушалық орталықтың бұндай түрі интерфазалық жасушада болады, ал митоз кезінде центросоманың маңында сәулелі зона – астросфера пайда болады.

Жасушалық центрдің нәзік құрылысын электрондық микррскопиялық зерттеулер анықтады.

Центриоль диаметрі 0,1-0,5 мкм, ұзындығы 0,3-0,6 мкм цилиндр тәрізді денешік, қабырғасы бір-біріне параллель орналасқан микротүтікшелердің 9 триплетінен тұрады. Әр түрлі жасушалардағы түтікшелердің саны тұрақты болады. Триплеттің бірінші микротүтікшесінің (А-микротүтікше) диаметрі 25 нм шамасында, 13 глобулалық суббірліктен тұратын қабырғасының қалыңдығы 5 нм. Триплеттің ұзындығы центриольдің ұзындығына тең. Екінші және үшінші (В және С) микротүтікшелер А-микротүтікшесінен өзге, атап айтқанда ұштары ұштаспайды, он бір суббірліктен тұрады және өздерінің көршілеріне тығыз жанасып жатады. Центриольдің құрамында микротүтікшелерден басқа бірнеше қосымша құрылымдар болады. А-микротүтікшеден «тұтқалар» деп аталатын өсінділер тарайды. Олардың бірі (сыртқысы) көршілес триплеттің С-микротүтікшесіне қарап тұрады, ал екіншісі (ішкісі) цилиндрдің центріне қарайды. Центриоль цилиндрінің орталық бөлігінде арбаның дөңгелегіне ұқсас құрылым болады. Бұл құрылым диаметрі 25 нм орталық «төлке» мен триплеттердің әрқайсысының А-микротүтікшесіне бір-бірден жалғасатын тоғыз шабақтан тұрады. Центриоль-дің ішіндегі бұндай құрылымдар оның проксимальдік ұштарында орналас-қан, дистальдік ұшының ішінде болмайды. Қайсыбір түрлерде төлкелер кездеспейді немесе оның орнын аморфтық зат алып жатады. Центриольдің микротүтікшелер жүйесінің формуласы 9+0 немесе (9х3)+0.

Интерфазалық жасушаларда бір-біріне перпендикуляр орналасқан екі центриоль болады.

Әрбір жеке центриольді құрылымсыз немесе жіңішке талшықты матрикс қоршап тұрады.

Электрондық микроскоппен зертгегенде жарық микроскопымен байқа-латын центросфераның сәуле зонасы микротүтікшелерден тұратыны анықталды. Интерфазалық жасушаларда центриольдар ядромен және ядролық мембранамен байланысып тұрады. Центриольдардың ядромен байланысын микрофиламенттер мен аралық филаменттер қамтамасыз етеді.

Центросферада оны цитоплазмадан бөліп тұратынмембрана болмайды, сол сияқт онда митохондриялар да байқалмайды. Эндоплазмалық тор ұсақ көпіршіктер түрінде кездеседі. Рибонуклопротеидтік гранулар мен ірі вакуольдерде болмайды. Қайсыбір жасушаларда центросфераны Гольджи комплексінің элементтері қоршап тұрады (мысалы, лейкоциттерде). Центриольдардың құрылысы мен белсенділігі жасушалық циклдың дәуіріне байланысты өзгеріп тұрады.

Кейбір жасушаларда центриольдар оның геометриялық центрінде орналасады, бірақ әдетте оларды ядро мен цитоплазманың кірінділері ығыстыруы мүмкін. Соның өзінде де олардың орны біркелкі тұрақты болады. Көп ядролы жасушаларда центриольдар жасушаның ортасында, ал ядросы шет жа5ында орналасады.

Көптеген қарапайымдар мен кейбір организмдердің жыныс жасуша-ларында центриоль цитоплазмада емес ядроның ішінде, оның қабықшасының астында орналасады.

Центриольдар функциясының бірі кірпікшелер мен талшықтардың негізінде орналасатын базальдік денешіктерді құрау және бөлінуші жасушаларда олар бөліну ұршығын қалыптастыруға қатысады.

Центриольдардың көбеюі олардың бөлінуімен немесе бөлшектенуімен байланысты емес алғашқы центриольдің жанында процентриольдің пайда болуы арқылы жүреді.


Қозғалу қабілеті тірі материяның маңызды қасиеті. Белгілі дәрежедегі қозғалыс жасушалардың бәріне тән. Қозғалыстың бірнеше түрі болатыны белгілі. Жасушаның цитоплазмасы үздіксіз қозғалып тұрады, онымен бірге ондағы митохондриялар, сферосомалар (микросомалар), пластидтер және басқа жасуша ішіндегі құрылымдар да қозғалады. Жасушаның ядросы да айналып қозғалып тұрады. Синтезделген жіп пішінді белок молекуласы матрицадан түсіп, өзінің екінші және үшінші кұрылысын қалыптастыру кезінде қозғалыстың күрделі түрлерін байқатады. Қайсыбір жасушаларда кірпікшелер мен талшықтар сияқты қозғалысты қамтамасыз ететін мамандал-ған құрылымдар болады. Бұлшық ет жасушаларының жиырылу есебінен қамтамасыз етілетін қозғалыс осы жасушалардың негізгі арнаулы қызметі болып саналады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осы көптеген қозғалыс реакцияларының бәрінің негізінде ортақ молекулалық механизмнің болатыны анықталды. Сонымен бірге жасушада қозғалыс аппаратымен байланысқан тіректік немесе қаңқалық құрылымдар болады. Осы айтылған құрылымдарды бір жүйеге біріктіріп жасушалардың тіректік қозғалыс жүйесі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет