Лекция жинағы Шымкент 2019



бет83/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Индукция процесі

Тұтас организм дамыған кезде жеке органдардың ұрықтарының түзілуі, немесе жасушалардың дифференциациялануы, өзара қатаң үйлесімді жүреді.

Ұрық жасушаларының өзара әрекеттесуі индукция процесі кезінде байқалады. Гаструлалану барысында жасушалар арасында жаңа қарым-қатынас – индукция қалыптасады, бұл органдардың біліктік комплексінің, алдымен нерв пластинкасының, әдетте дұрыс дамуының негізіне айналады.

Алғашқы индукцияны немесе «ұйымдастырушының» әрекетін 1921 ж. Шпеман ашқан болатын.

Алғашқы индуктор (ұйымдастырушы), Шпеман бойынша, хорда-мезодерма, гаструлалану кезінде ол эктодермамен қатынасқа түсіп нерв пластинкасының дамуын индукциялайды. Осы кезде хорда-мезодерма эктодерманың жасушаларына сіңетін химиялық заттарды бөледі.

Егжей-тегжейлі зерттеулер эктодерманың бұл кезде индуктордің әсерін қабылдайтын қабілетке ие болатынын көрсетті. Жасушаның бұл күйі аз уақыт сақталады да, кейін жойылады. Екіншіден, индуктор белгілі уақытта бөліне-ді, ал индукциялаушы зат гаструланың эктодермасының белгілі участігіне тарайды. Үшіншіден, индукция жүру үшін индуктордың әсері аз уақытқа созылуға тиісті. Сонымен бірге нерв түтігі дұрыс дамуы үшін жасушалардың белгілі массасы қажет. 1924 ж. Шпеман мен Мангольд бірнеше эмбриология-лық тәжірибелермен жасушалардың бір типінің цитоплазмасының жасушаның басқа типіне әсері арқылы дифференцировканың белгілі дәрежеде бақылана-тындығын дәлелдеді. Өздерінің бір тәжірибесінде бүл авторлар амфибийдің гаструласын алып бластопордың дорзальдік (үстіңгі) ернінен ұлпаның бір жапырағын кесіп алып оны басқа гаструланың вентральдік аймағына орнатқан. Дорзальдік еріннің жасушалары әдеттегіше дұрыс дамыған кезде хорда мен мезодермалық сомиттерді (миотомдарды) құрайды. Бұл тәжірибе-де гаструла-реципиентте транспланттаттың (донордың) ұлпаларынан екінші хорда мен миотомдар дамыған. Бұлардың үстінде реципиенттің эктодерма-сынан жаңа, қосымша нерв түтігі пайда болған, бұл ақырында екінші ит балықтың органдарының түзілуіне әкеліп соққан. Сонымен индукцияланушы механизмді организмнің дамуын қамтамасыз ететін гендерден кейінгі екінші жүйе деп есептеуге болады.

Органдардың, ұлпалардың және жасушалардың дамуының соңғы кезең-дері де индукция арқылы қамтамасыз етіледі.

Мезенхиманың эпителийге әсері бүйрек пен ұйқы безінің дамуы кезінде де байқалады.

Дифференциация ядро мен цитоплазманың өзара әрекеттесуінің салда-ры. Сонымен бірге дифференциациялануға ортаның факторлары да әсерін тигізеді. Сыртқы орта өз әсерін цитоплазма арқылы тигізеді, ал цитоплазма өз кезегімен гендерге әсер етеді. Дифференциация дифференциацияланушы ұлпалардың өзара әрекеттесуіне де тәуелді. Эмбриондық организм біртұтас жүйе, ондағы барлық дамушы бастамалар бір-біріне әсер етеді. Сондықтан даму процесіндегі – бастамалардың өзара байланысы олардың дифференциа-циялануындағы басты факторлардың бірі.

Дифференциациялану ұлпалардың өзара әрекеттесуіне ғана тәуелді емес, сонымен бірге дифференциацияланушы ұлпалардың массасына да тәуелді.

Дифференциацияланудағы нерв жүйесі мен эндокриндік факторлардың рөлі жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз. Дифференциациялану нервтің әсерін-сіз де жүруі мүмкін, мысалы ұлпаларды қолдан өсірген кезде.

Көпшілік жағдайда гендердің белсенділігін бақылайтын факторлар ретінде ішкі секреция бездерінің бөлетін өнімдері – гармондардың әсері дәлелденген. Ерекше әрекет етуші бұл заттар бездерден қанға барады да дененің барлық жасушалары мен ұлпаларына тарайды. Гормондардың әсері-нен жоғары сатыдағы жануарлар мен адамның жасушаларында жеке гендердің я олардың топтарының белсенділігі артады немесе тоқтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет