21
байланысты. Егер қарсылас шабуыл жасап,
өте жақын келсе, онда боксшы
соққы жасау үшін әуелі дене салмағын артта тұрған оң аяққа ауыстырады.
Осы кезде қысқа жасайтын арақашықтық пайда болады. Мүндай жағдайда
кеуде оңнан солға қарай бұрылады. Сол аяқтың ұшы ғана еденге тиіп тұрады.
Бүл шабуыл кезінде жасалатын соққыға жатпайды. Әсіресеі оңқай боксшының
орындауына өте ыңғайсыз соққы. Орта және алыс арақашықтардан жасалатын
соққылар көбіне қарсыластың шынтағына тиуі мүмкін. Қатты сүйекке
тигенде
соққы берген қолдың саусақтары жарақаттанады. Егер оңқай боксшының
қарсыласы солақай болса ғана мұндай алыс және орта арақашықтықтан
жасалатын соққылар қауіпті болады. Қапталдан денеге жасалатын Кысқа
соққылар көбірек пайдаланылады Бұл арада
қарсыластың оңқай немесе
солақай екені бәрібір. Ол тек бетпе-бет келуі керек Немесе шабуыл жасамақ
ниетпен ұмтылғанда, боксшыға оң жақ қырымен келуі тиіс. Оң қолы
нысанаға дарымаған қарсылас бір сәт қорғаусыз қалады. Осы сәтті мүлтіксіз
пайдаланған дурыс. Осындай қысқа соққы жасаған кезде қарсы соққыға
душар болудан қашу керек. Ол үшін алда тұрған сол ат, ілгері, бірақ сәл
солға қарай жылжытылады. Сонан кейін дененің бар салмағы осы аяққа
ауысады. Кеуденің солға қарай бұрылуы соққыға жылдамдық және күш
береді. Жұдырық нысанаға тиген сәтте,
жұдырықтың саусақ жағы
боксшының өзіне қарай бұрылуы керек. Бұл да соққыны біршама қатайтады.
Мұндай соққыдан кейін іле-шала қорғанысқа көшкен абзал.
Достарыңызбен бөлісу: