2
1. Лекция Бокстың еліміздегі дене тәрбиесі жүйесінде қалыптасуы
Еліміздегі дене тәрбие жүйесі халықтың денсаулығын нығайтуға, жеке
қабілетін, рухани қайратын арттыруға, жан-жақты дайындағын жақсартуға
қозғалыс дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Осы қалыптасқан дағдылар
еңбекте, отан қорғауда және еліміздің азаматтарының патриоттық тұрғыда
қалыптасуына тәрбиелік әсерін тигізеді.
Белгілі жүйеде ұйымдастырылған дене тәрбиесі
және спорт сабақтары
тәртіптілік, саналылық, ұйымшылдық., ұйымдастырушылық, ынталылық
қасиеттердің тәрбиелеумен қатар, өзі еңбек ететін ұйым үшін қоғамы,
қаласы, елі, Отаны үшін сүйіспеншілікке, мақтаныш сезімдерге баулиды.
Боксты елімізде басқа да дене-шынықтыру және спорт түрлері
сияқты
адамға өмірде қажеті жан –жақты дайындықты, мінез- құлықты тәрбиелеу
үшін қажетті құрал есебінде пайдаланады.
Боксшының қалыптасқан дағдылы қимылдарын меңгеру үлкен назар
аударуды, дәлдікті, жылдам ойлауды қажет етеді.
Қатаң ережелермен
шектелген жарыс орны боксшыдан қимыл әдістерін жеттік меңгеруді талап
етеді. Ережелер боксшыға жаттығу және жарыс кезінде де белгілі бір
талаптарға сай әсер етуге мәжбүр етеді. Бұл тәртіптілікке және ең басты
мақсатқа көңіл бөлуге тәрбиелейді.
Боксшы өзінің алғашқы үйрену қадамдарынан бастап кездесу кезінде
ынтаны
өз қолынан шығармауға, қарсыласының жігеріне тойтарыс беруге,
жылдам қимылдап, ұрыс кезінде сенімділікпен өзімен тең немесе басым
қарсыласымен өтетін кездесуде қиыншылықтарды жеңуге, жеңілудің
өкініштеріне төзуге дағдыланып өзінің шеберлігін
ары қарай шындауға
деген талап жігерін ұдайы сақтауға тәрбиелі қажет. Осы талаптар боксшыны
саналылыққа,
шыдамдылыққа,
белсенділікке,
жүйке
жүйесінің
тұрақтылығына, айлакерлікке, көздеген мақсатына жетуге тәрбиелейді.Оқу-
жаттығу жұмыстары кезінде өзара көмек, нұсқаушылық, білім,
ұжымдылықты тәрбиелеу бірге жүргізіледі.
Бокстың емдік мағынасы бар бокспен ұдайы шұғылданғанда сүйек-буын
жүйелері мықты болады, күш-қуаты ұлғаяды, бұлшық еттері шыдамдылыққа
және оралымдылыққа тәрбиеленеді,
денеде зат алмасу ұлғаяды, тіршілік
қуаты артады.
Бокстағы алған қасиеттер күнделікті өмірде де пайдаланады. Арнайы
дайындалмаса да бокс мінез-құлықты, еңбекте және Отанды қорғау ісінде
пайдалануға септігін тигізеді. Бұлшық
еттердің жақсы сезімталдығы, жақсы
қимыл үлестігі, лезде шешім қабылдап., оны асыру, жылдам және жеңіл
қозғалу, қысылшаң ортада әрекет ету, боксты
өмірге қажетті дағдыларды
қалыптастыратын, әртүрлі әркеттер жасауға қабілеттілікке баулитын спорт
түрі деп санауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бокстың спорт түрі ретінде де маңызы зор.
Боксшыларымыз Азия, әлем біріншіліктеріндегі және Олимпиада
ойындарындағы жетістіктердің арқасында Қазақстанды бүкіл дүние жүзіне