Лекция жинағы шымкент, 2021 ж



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата08.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#119859
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Бокс лекция
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Қарсы соққылар 
Қарсы соққылар қарсыластың шабуылы кезінде жасалады Бокс 
техникасында кездесетін негізгі соққылардың бәрін де пайдалануға болады. 
Қарсы соққы әрдайым қорғаныстың бір түрімен байланысты. Бұл қорғаныс 
қарсыластың шабуылдағы соққыларын, әсіресе, ең шешуші, бірінші соққысын 
қайтару үшін қолданылады. Қорғаныспен тығыз байланысты болғандықтан
қарсы шабуыл кезінде соққылар сырт көрініске біршама өзгеруі де мүмкін. 
Жақын арақашықтықтағы жекпе-жекте қысқа қарсы соққылар ғана жасалады. 
Мұндай соққылар төте, төменнен және қапталдан жасалады. Жақын 
арақашықтықта боксшы алыс арақашықтықтағыдан гөрі шапшаң қимылдайды. 
Қысқа соққылардың шап-шаңдығы және жағдайлардың тез өзгеруі боксшының 
жекпе-жекті дұрыс бағдарлауына көп қиындық туғызады. Жақын 
арақашықтықтағы жекпе-жекте ол қарсыласының әр қимылын дәл білуі, оны 
дер кезінде тоқтатып, өзі қысқа қарсы соққылар беріп, қайтадан қорғанып 
үлгеруі керек. Сондықтан боксшы жақын арақашықтықтағы жекпе-жекке 
дайындықта қорғанысты жете меңгеруі тиіс. Барлық қарсы соққылар қарсы 
және жауап соққы болып екіге белінеді. Қарсы соққы дегеніміз қарсыластың 
соққысынан сәл бұрын жасалатын соққылар

Қарсыластың қолы өз денесіне 
жеткенше боксшының -жүдырығы нысанаға тиюі керек. Бұл соққылар кенеттен 
жасалады. Сондықтан жекпе-жек кезінде мұндай соққылар ерекше бағаланады. 
Өзін қарсыласының соққысынан сақтау үшін, боксшы қарсы соққымен бірге 
қорғанысты да пайдалануы керек. Осындай қасиеті бар боксшы жекпе-жекте
басымдылық көрсетеді. Шабуылға шыққан қарсыласқа жұмсалатын қарсы 
соққылар негізгі әдістердің бірі. Онымен қарсыластың шабуылын тоқтатуға 
болады. Қарсы соққылардың ішінде ең көп пайдаланылатыны — сол қолмен 
басқа төте жасалатын соққылар. Ол қандай жекпе-жекте болмасын жақсы 
нәтижеге жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар боксшының өзін қарсыластың 
соққысынан сақтайды. Қорғаныстан кейін барып жасалатын соққыларды 



жауап соққылар дейді. Қорғаныста жүріп, пайдасы молырақ деп, тек қана 
қарсы соққылар жасай беруге болмайды. Қорғаныстан кейін «екінші кезеңде» 
жасалатын жауап соққылардың да тигізер кемегі зор. Бірақ ол дәл уақытында 
жасалуы керек. Бокспен әуестенушілерді қарсы соққыға үйретуді жауап 
соққыдан бастаған дұрыс.. Себебі бұл соққыны жасайтын кезде шиеленіс аз 
болады. 
Жауап соққы қорғаныстан кейін жасалады делік. Демеқ қорғаныстың аяқ 
кезі жауап соққының басталар шағы болуы керек. Кешіктіруге болмайды. Тек 
осы уақытта ғана қарсылас сәл ашық қалады. Қарсы соққыларды үйренген кезде 
қарсыластың түрлі шабуылына тойтарыс беретін комбинацияны ойластырған 
жөн. Бұл үшін қарсыластың шабуылында ұшырасатын барлық соққыларға қарсы 
ең тиімді қорғаныс әдісі және осы әдістерден туатын барлық қарсы соққылар 
іздестіріледі. Қорғаныстың түрлерін жете меңгергенде ғана қарсы 
соққыларды да оңай жасауға болады. Боксшы қорғаныстың белгілі түрлеріне 
лайықты қарсы соққыны іздестіреді. Ұзақ жаттығу ғана боксшыны 
машықтандырып, оның осы саладағы шеберлігін ұштайды. Қарсыластың 
шабуылындағы соққыдан қорғанудың әдісін іздегенде, осы соққыдан кейін тағы 
қандай соққының жасалатынын бағдарлау керек. Қарсыластың келесі 
соққыларымен шабуылды үдетуіне тыйым салған жөн. Оны қарсы немесе жауап 
соққымен ғана тоқтауға болады. Бұл арада боксшының қолғабы нысанаға 
қарсыластың екінші соққысынан бұрын тиюі керек. Мысалы, қарсылас сол 
қолмен кеудеге төте соққы жасады. Осы соққыға қарсы қорғаныс әдісін 
қолданған сәтте екінші соққының басқа бағытталғанын білу керек. Мұндай 
жағдайда қарсыластың басына қарсы немесе жауап соққы беріп, екінші соққыны 
жасатпау керек. Сонда ғана қарсылас шабуылын дамыта алмайды. Төменде ең 
көп қолданылатын қарсы соққылар жайлы айтылады. Оларды қолдану 
боксшының өзіне және шеберлігіне ғана байланысты. Ал қай соққыны қолдану 
керектігі жекпе-жек үстінде туатын жағдайға байланысты ғана белгілі болады. 
Әсіресе, қарсыластың соққысының түрі, шабуылдың бағыты, боксшының 
қорғану әдісі қарсы соқкының қай түрінің тиімді екенін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет