8
болуы қажет. Демек осындай күрделі қорғаныста жүріп-ақ қарсы және жауап
соққы беруге, қарсы шабуылға шығуға болады. Күрделі қорғаныс көбіне
қарсыластың шабуылы кезінде оның бір қырына шығуынан басталады. Бұл арада
қарсыластың соққыны қай қолымен жасайтыны шешуші рөл атқарады.
Боксшы жалтара қорғанады. Сол арада ол қарсыластың соққысын қолын қойып
тоқтатады немесе қайырып тастайды. Мысалы, оңға қарай жалтарып
қорғану, екі жаққа қарай кетіп қалумен, сол иықты және оң қолдың алақанын
қарсы қоюмен сабақтасу керек. Шегініп қорғанумен бірге оң қолдың
алақанын қоюды қоса үйреткен жөн. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге
болар еді. Боксшыны жаттықтырғанда ең алдымен оны шебер қорғануға
машықтандыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: