Лекция жинағы шымкент, 2021 ж



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата08.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#119859
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Бокс лекция

 
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет 
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. 
Жарыс ережесі. Алматы, 2006 
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы 
ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с. 
 
7. Лекция Соққыны тоқтату тәсілі 
Алақанды немесе иықты тосып соққыны тоқтату қарсыластың соққысы 
басталар сәтте, немесе соққы нысанаға жақындаған кезде жасалады. 
Қарсыластың жұдырығы нысанаға жақындаған сәтте оның соққысына алақан 
немесе иық қойылады. Қайсысын қою бәсекелестің соққьіның қай түрін 
қалағанына байланысты. Боксшы соққының астына қойылған қолымен дененің 
осал жерлерін қорғайды. Мұндай қорғаныс орта және жақын арақашықтықтарда 
қарсыластың кез келген соққысынан қорғана білуге өте тиімді. Қарсыластын 
орта арақашықтықтан басқа бағыттағы төте соққысына үнемі оң қолды қарсы 
қойып қорғану керек. Соққы қай қолмен берілсе де, қорғанысты жақсы 
ұйымдастыруға болады. Қарсыластың төте соққысын иектің астында оң қолдың 
алақаны тоқтатады. Мұндай қорғаныс боксшының бос тұрған сол қолымен 
шабуылдаушының басына соққы беруге жағдай туғызады. Қарсы соққыны өте 
тез жасау керек. Себебі бұл соққы қарсыластың келесі соққысынан бұрын 
көздеген нысанаға тиюі керек. Егер қарсылас оң қолмен басқа төте соққы 
жасаса, онда соққының астына алақанды тосумен қарсы соққыны тиімді 
пайдаланған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет