9
жауап соққылар дейді. Қорғаныста жүріп, пайдасы молырақ деп, тек қана
қарсы соққылар жасай беруге болмайды. Қорғаныстан кейін «екінші кезеңде»
жасалатын жауап соққылардың да тигізер кемегі зор. Бірақ ол дәл уақытында
жасалуы керек. Бокспен әуестенушілерді қарсы соққыға үйретуді жауап
соққыдан бастаған дұрыс.. Себебі бұл соққыны жасайтын кезде шиеленіс аз
болады.
Жауап соққы қорғаныстан кейін жасалады делік. Демеқ қорғаныстың аяқ
кезі жауап соққының басталар шағы болуы керек. Кешіктіруге болмайды. Тек
осы уақытта ғана қарсылас сәл ашық қалады. Қарсы соққыларды үйренген кезде
қарсыластың түрлі шабуылына тойтарыс беретін комбинацияны ойластырған
жөн. Бұл үшін қарсыластың шабуылында ұшырасатын барлық соққыларға қарсы
ең тиімді қорғаныс әдісі және осы әдістерден туатын барлық қарсы соққылар
іздестіріледі. Қорғаныстың түрлерін жете меңгергенде ғана қарсы
соққыларды да оңай жасауға болады. Боксшы қорғаныстың белгілі түрлеріне
лайықты қарсы соққыны іздестіреді. Ұзақ жаттығу ғана боксшыны
машықтандырып, оның осы саладағы шеберлігін ұштайды. Қарсыластың
шабуылындағы соққыдан қорғанудың әдісін іздегенде, осы соққыдан кейін тағы
қандай соққының жасалатынын бағдарлау керек. Қарсыластың келесі
соққыларымен шабуылды үдетуіне тыйым салған жөн. Оны қарсы немесе жауап
соққымен ғана тоқтауға болады. Бұл арада боксшының қолғабы нысанаға
қарсыластың екінші соққысынан бұрын тиюі керек. Мысалы, қарсылас сол
қолмен кеудеге төте соққы жасады. Осы соққыға қарсы қорғаныс әдісін
қолданған сәтте екінші соққының басқа бағытталғанын білу керек. Мұндай
жағдайда қарсыластың басына қарсы немесе жауап соққы беріп, екінші соққыны
жасатпау керек. Сонда ғана қарсылас шабуылын дамыта алмайды. Төменде ең
көп қолданылатын қарсы соққылар жайлы айтылады. Оларды қолдану
боксшының өзіне және шеберлігіне ғана байланысты. Ал қай соққыны қолдану
керектігі жекпе-жек үстінде туатын жағдайға байланысты ғана белгілі болады.
Әсіресе, қарсыластың соққысының түрі, шабуылдың бағыты, боксшының
қорғану әдісі қарсы соқкының қай түрінің тиімді екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: