Симметрия топтары
Класс немесе симметрия түрлері деп көпжақты кристаллдарда кездесетін
толық симметрия элементтері тобын айтады. Көпжақты кристаллдардағы
барлық симметрия элементтері бір-бірімен өзара байланыста болады. Бір
симметрия элементінің екінші симметрия элементіне тәуелділігінен және
кристаллдарда бесінші және алтыншы реттен жоғары симметрия осьтерінің
болмағандығынан, көпжақты кристаллдарда кездесетін симметрия элементтер
тобының саны шектелген болады. Симметрия элементтерінің мүмкін болған
комбинация топтарының саны 32 тең екендігі анықталған. Басқаша айтқанда,
32 кристаллографиялық класс немесе симметрия түрі бар (2 кесте). 32
симметрия классының болуын 1830 жылы И.Гессель, кейін Гессельден тәуелсіз
1867 жылы орыс академигі А.В.Гадолин математика жолымен қорытып тапқан.
2 кестеде класстарды белгілеу түрлері және симметрия класстарының атаулары
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |