n
L
) немесе инверсион-планальды(
n
L
және Р)
симметрия классы деп атайды.
Бірлік және симметриялық эквивалентті бағыттар
Бірлік бағыт деп кристаллда бір ғана басқа қайталанбайтын бағыттың
болуын айтады. Мысалы, алтыжақты призмадағы немесе призмадағы 6 ось,
төртжақты призмадағы немесе пирамидадағы 4 ось бірлік бағытқа жатады.
Сонымен қатар, кубтағы немесе октаэдрдегі 4 ось бірлік бағыт емес,
мұндай осьтер бұл жерде үшеу. Көрсетілген бұл үш ось кубтың кез-келген
симметрия жазықтығына шағылу көрінісі арқылы бір-біріне сәйкестендіруге
болады. Симметрия элементімен байланысқан кристаллдағы қайталанатын
бағыттарды симметриялы тең немесе эквивалентті бағыттар деп аталады.
Кубта және октаэдрде бірлік бағыт жоқ, оларда симметриялы
эквивалентті бағыттар бар. Симметрия элементі жоқ немесе симметрия
орталығы бар көпжақты кристаллдарда әрбір бағыт бірлік бағыт болып
қайталанбайтын бағыт болады, мұнда симметриялы тең (эквивалентті) бағыт
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |