Зерделеу жəне зерттеу: Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау; белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді сұрау; қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау; оқушыларды проблема мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге ынталандыру.
Бекітужəнеқолданысқа енгізу: Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы химиялық есептерді шешуде математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.