Лекция кешендері



бет1/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих
лек жаңарт тарих


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы


Тарихи пәндерді жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту пәні

бойынша


ЛЕКЦИЯ КЕШЕНДЕРІ

Кредит саны 6 (180)


Құрастырушы ____________
(қолы)
Кафедра мәжілісінде қарастырылды:
(хаттама № _____,
«____» _________ 20 ____ ж. )
Кафедра меңгерушісі____________
(қолы)

Шымкент, 2021


1-2 Лекция тақырыбы: Кіріспе. Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары.
Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері. Оқу бағдарламасын жаңартудың алғышарттары
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.
ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін бүкіл оқушыларда пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі. Пән бойынша терең академиялық білімнің арқасында адамдар сын тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.
Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.
Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен қабысып жатса, оқушылар оқу үдерісіне барынша тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет