Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Қазақстан аумағындағы көне жазуларды анықтайды.
|
1
|
адам бейнелі петроглифті анықтайды;
|
1
|
аң бейнелі петроглифті анықтайды;
|
1
|
Көне жазуларды таңбалар арқылы бейнелейді.
|
2
|
сөзді жазады;
|
1
|
сөздегі әріптерге сәйкес таңбаларды табады және бейнелеп жазады.
|
1
|
Қазақстандағы танымал тарихи ескерткіштерді анықтайды.
|
3
|
Алтын адамның кім болғанын анықтайды;
|
1
|
Алтын адамның аңыздағы атын анықтайды;
|
1
|
Алтын адам табылған облысты анықтайды.
|
1
|
Барлығы
|
7
|
Жауап парағы:
№
|
Оқушының
аты - жөні
|
Критерийлер бойынша ұпайлар
|
Ұпай жиыны
|
Бағасы
|
А
|
В
|
С
|
|
|
1
|
|
6
|
6
|
14
|
28
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
немесе
№
|
Оқушының аты жөні
|
А Білім және түсінік
|
В Коммуникация
|
C Жағдаятты шешу
|
D
Рефлексия
|
ұпай
|
Жетістік деңгей(max 24)
|
Жетістік деңгей(max 24)
|
Жетістік деңгей(max 24)
|
Жетістік деңгей(max 24)
|
|
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:
Жиналған ұпай саны
|
Бағасы
|
24-28 (85-100%)
|
«5»
|
20-23 (70-84%)
|
«4»
|
14-19 (50-69%)
|
«3»
|
13-0 (0-49%)
|
«2»
|
3. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі - алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар.
Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық.
Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі.
Екінші критерий – формуланы пайдалана алтындығын анықтайды.
Үшінші критерий - осы формула арқылы графикті қалай сызатындығын білу үшін керек.
Төртінші критерий нәтижесінде баланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласы бағаға ауыстырылады.
Критериалды бағалаудың функциялары:
бақылау;
дамытушылық;
оқытушылық;
мотивациялық;
тәрбиелік;
диагностикалық.
4.Критериалды бағалаудың тиімділігі
Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
Білім беру сапасын арттыруға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке
оқыту траекториясын құруға;
Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
- Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
- Ата-анаға:
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
№ 29-30 Лекция тақырыбы: Мұғалім көшбасшылығы
Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу. Мұғалім көшбасшылығы. Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы.
Lesson Study – сабақтағы іс-әрекетті зерттеу арқылы мұғалімнің біліктілігі мен оқыту тәжірибесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық амал. Бұл белгілі бір мұғалімдер тобының кемі үш сабақты бірлесіп жоспарлаудан, оқытудан, бақылау мен талдаудан тұратын цикл. Lesson Study қолдану арқылы мұғалімдер демократиялық түрде өз сабағын зерттей отырып меңгеруге және өз оқытуының сапасын жақсартуға ықпал ете алады.Lesson Study әдісін жүргізу барысында мұғалім мен оқушының қателіктерін көруге, оны болдырмаудың және оқыту мен оқу сапасын көтерудің қандай жолдары бар екенін түсінуге болады.
Lesson Study- Сабақты зерттеу сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study нысанының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады.
Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.
Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі.
Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. Жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Lesson Study нәтижелері жүйелі түрде жарияланып тұрады. Lesson Study топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады. Жапонияда Lesson Study бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы оқушылардың құндылықтар жүйесі, атрибуттары және жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады.
Lesson Study тәсілін іске асыру барысы
Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері - қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.
Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. Жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Lesson Study нәтижелері жүйелі түрде жарияланып тұрады. Lesson Study топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады. Жапонияда Lesson Study бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы оқушылардың құндылықтар жүйесі, атрибуттары және жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады.
Lesson Study үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай бірқатар қадамдар бар:
• Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады.
• Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Өздерінің оқуын жақсарту үшін .... оқушыны .......-ның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты.
• Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зерделеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
• Топ қандай сынып және қандай үш «зерттелетін оқушы» назарға алынатынын, сондай-ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналатынын шешеді.
• Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «зерттелетін оқушылардың» сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
• Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш оқушыны» басты назарға алып, сабақты қадағалайды және қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырады.
• Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен сұхбат жүргізеді.
• Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді:
жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;
сыныптың тұтастай оқытылуы;
зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;
белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу.
келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.
Lesson Study топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі.
Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы
Бүгінде еліміздің білім беру саласының дамуына жаңа мүмкіндік берудің жолдары жан-жақты қарастырылуда. Өйткені бүгінгі білім жүйесі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді. Қоғамда педагог қызметінде жаңа бағыттарды, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Оларға қол жеткізу жалғыз мұғалімге оңайға соқпауы мүмкін, бірақ білім процесіне жаңа тұрғыларды енгізіп жүрген тәжірибесі бар және сол тәжірибесімен бөлісуге даяр мұғалімнің көмегімен бұл жағдайдан шығуға болады.
Мұғалім тәжірибесіне компьютерлік технологиялардың енгені соншалық, педагогтер оларды күн сайын пайдаланып қана қоймайды, сонымен бірге оларда озат тәжірибені тарату және жинақтауға, пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға, педагогикалық идеялармен алмасуға, тез дамитын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлеуетінқолдануда болатын жаңа мәселелерді талқылап, шешуге қажеттілік пайда болады. Педагогтердің желілік қоғамдастықтары, интерактивті әдістемелік кабинеттер - кәсіби ортаны қалыптастыратын бірден-бір құралдар. Шекара мен қашықтықты білмейтін педагогтердің желілік қоғамдастығында маңызды міндеттер арнайы кездеспей-ақ, пошта, басқа да электрондық тасымалдау құралдары арқылы шешілетін болды.
Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық виртуалды түрде және ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болады. Олар – тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі. Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді. Желілік қоғамдастықтардың пәндік бірлестіктерден гөрі атқаратын қызметі ауқымды, қамтитын көлемі кең. Желілік қоғамдастық алдыңғы кезекте мұғалімдердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді және қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа мектептермен байланысқа шыға алады.
Негізінен, онлайн қоғамдастық құруды жөн санаймын. Ол үшін әріптестер арасында мақсатты диалог ұйымдастыру керек. Қоғамдастық жұмысын дамытуда мұғалімдердің күнделікті міндеттері мен уақыттың жетіспеушілігі бетпе-бет кезедесулеріне кедергі болуына байланысты онлайн қоғамдастық тиімді болады деп есептеймін. Өйткені форум мен чаттар арқылы бір-бірімен пікір аламасады, орта және қысқа мерзімді жоспарларын, сабақтардың сурет пен бейнежазба көріністерін қоғамдастық бетіне жариялап, пайдалы ақпаратпен алмасуға мүмкіндік алады. Қоғамдастықта конференция ұйымдастыру арқылы бір-бірінің сабақтарына, өткізілген коучингтеріне кері байланыс беру мүмкіндігіне қол жеткізеді. Лейтвуд пен Левин (2004) білімалушылар қоғамдастықтары өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігін жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін еске салады. (МАН І деңгей) Олай болса мына жаһандану заманында мұғалімдердің кәсіби дамып, оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді дамытып, өзара пікір алмасып тұруына қоғамдастық құру аса маңызды екенін түсіну қажет. Қоғамдастық мұғалімдердің тәжірбие алмасуына және өзінің бастамаларын ары қарай таратуына кеңінен қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жекелеген мектеп шеше алмайтын проблемаларды ортақтаса отырып талқылап жетілдіруге мүмкіндік бар.
Қоғамдастықтың мақсаты:
* білімнің құндылықтарын жоғары бағалайтын жаңашыл педагогтардың кәсіби білімдерін дамыту;
* өзара тәжірибе алмасып, дамуына жағдай жасау
* барлық іс-шара жұмыстарды бірлесіп шешу.
Жұмыс жасау қағидаттары:
* сенімділік;
* жауапкершілік;
* өзара қолдау
* шынайы қарым-қатынас;
Қоғамдастық құрамына кіреді:
мектеп әкімшілігі,
деңгейлік бағдарлама бойынша оқуын бітірген мұғалімдер,
оқушылар және пән мұғалімдері
Қауымдастықтың берік болуы және білім беру саласындағы айтулы жетістіктерге жетуі өзара сыйластықпен пікірлес адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі-оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де, жалпы мектеп үшін зор пайдасын бермек. Жұмыс жасау қағидаттары талданып, нақтыланып, әр топ мүшесі өзінің функционалдық қызметін білу керек.
Құрылған қоғамдастықтың мұғалімнің кәсіби, оқушының тұлғалық дамуына мектептің дамуына мынандай ықпалы болды:
* Мектеп білім деңгейін көрсете білумен қатар, басқа мектептермен өз білім деңгейін салыстыра алады.
* Мектеп салыстырмалы түрде атқарған іс - әрекетіне зерттеу жүргізеді, анықтайды, шешім қабылдайды.
* Мектеп білім сапасының деңгейін басқа мектептермен салыстыра отырып алға ұмтылады.
* Мұғалімдер өзара білім алуға, тәжірибені біріктіруге ақпарат алмасуға қол жеткізді.
* Шешілмей келе жатқан мәселелерді шешуге, жаңа идеялармен алмасуға үйренеді;
Мұғалім әр баланың жан дүниесіне үңіле отырып, білім берудің әдіс – тәсілдерін оқушы деңгейіне қарай іріктеуіне.
* Мұғалімнің бірлескен жұмыс арқылы кәсіби деңгейін зерделеуге.
* Туындаған мәселені талдай отырып кезеңмен игеруге.
* Өзіне, өзгенің ісіне сын тұрғысынан қарау арқылы дұрыс шешім табуға
* Мұғалімдер басқа мектептегі пән мұғалімдерімен өз білім деңгейін салыстырады, іздену жұмыстарымен шұғылданады.
* Кәсіптік дамуы мен оқу туралы пікірлерін талқылап, бір - бірін қолдау көрсетуге, марапаттауға қол жеткізді.
* Бірлескен зерттеулер, талдаулар жасай отырып, өз істерін дәріптеуге газет, журналдарға жарнамалауға қол жеткізді.
* Оқушылар еркін ақпарат алмаса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |