Лекция кешені Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 тақырып: Әлеуметтік сақтандыру жүйесі пән ретінде


тақырып. Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері



бет3/12
Дата18.02.2022
өлшемі37,96 Kb.
#132366
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лекция

3 тақырып. Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері Алдымен «әлеуметтік қорғау» ұғымымен танысайық. Ол адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін және әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыратын шаралар жүйесі. Ол барлық қоғам мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайынан тыс қоғамдық қажеттілігін құрып, жасайтын мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына  сәйкес, әр адам әлеуметтік қамтамасыз етілуге және өз абыройын сақтауға тиіс қажеттілікті жүзеге асыруға, экономика, мәдениет, әр мемлекеттің құрылымы мен ресурсына сай әлеуметттік салада ұлттық күш салып, халықаралық ынтымақтастыққа және жеке тұлға ретінде еркін дамуына құқығы бар. Сондай-ақ әр жұмыскер өз еңбегінің әділ бағалануына, өзі және өзінің отбасы лайықты өмір сүреді деп есептеуіне құқығы бар. Айта кетсек, қажет деген жағдайда еңбекақысы әлеуметтік қамтудың басқа да құралымен толықтырылуы мүмкін.
Жалпы, кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, тамақ, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетілу — денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етілуі тиіс. Егер күнелтуге қажетті қаражат болмаған жағдайда азамат (жұмыссыздық, ауыру, мүгедектік, кәрілік немесе асыраушысынан айырылғанда) мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемге сүйенеді. Аналар мен нәрестелерге құжаттағы мөріне қарамастан ерекше көңіл бөлінуі тиіс: барлық бала некеде туылып, туылмағанына қарамастан, біркелкі әлеуметтік қорғауды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет