Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет26/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Мақсаты: Моллюскалардың құрылысымен танысу.

Моллюскалар олигомерлы қөпқылтанды буылтық құрттардан тараған, өз алдында жеке оқшауланған тип. Мұхиттарда, теңіздерде тұщы су қоймаларында және құрылықта тіршілік етеді.

Моллюскалар мынадай белгілерімен ерекшеленеді:денесі сегменттерге бөлінбеген, тек кейбір төменгі сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгілері байқалады; целом қуысы личинка сатысында жақсы дамып ересек түрлерінде ол жүрек айналасындағы қапшық (перикардия), гонада қуысы (жыныс клеткалары орналасатын қапшық) және саңылаулар немесе синус, лакуналар түрінде қалған; ішкі мүшелерінің арасындағы бос қуыстар дәнекер тканімен толған; екі жақты симметриялы жануарлар, бірақ бауыраяқты моллюскалар өкілдерінің бақалшағы оралуына, соған сәйкес дене мүшелерінің де оралуына байланысты, олардың денесі ассиметриялы болып келеді

Моллюскалардың денесі бас, тұлға, аяқ немесе тек тұлға және аяқ (қосжақтаулылар класы) бөлімдерінен тұрады. Көбінесе тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі немесе висцеральді қапшық деп те атайды. Аяқ – бұлшықетті, бауыр жағына қарай жалпиып орналасқан, тұлға бөлімінің өсіндісі. Бұлшықеттердің жиырылып созылып тұруы салдарынан

моллюскалар субстрат бойымен баяу жылжиды.

Моллюскалардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, ал оның сыртын тек моллюскаларға тән, бір қабатты эпителиден құралған, мантия деп аталатын үлкен тері қатпаршағы жауып тұрады. Мантия мен дененің аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері, кейбір сезім мүшелері (осфрадиялар) орналасады және бүйрек пен жыныс бездерінің, артқы ішектің тесіктері ашылады. Осы құрылымдар (жүрек пен бүйректердіқоса) мантия жинағы немесе мантия комплексі деп аталады.

Моллюскалардың тағы бір ерекшелігі – бақалшақтың болуы. Ол мантия жабынында орналасқан көптеген түрлі бездердің шығарған секреттерінен түзіледі. Дененің сыртқы жағында орналасып, қорғаныш қызметін атақарады. Бақалшақ үш қабаттан құралады: органикалық заттантұратын сыртқы қабатнемесе конхиолин қабаты; ізбесті – ортаңғы қалың қабат және жұқа, жылтыр түсті – інжу немесе перламутр қабаты. Мантия жабыны бақалшақты астарлар жатады.

Басқа омыртқасыздардан ерекшеліктері – ас қорыту жүйесіндегі, жұтқыншақ бөлімінде қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат – радула деп аталатын үккіштің болуы тән.

Қан айналу жүйесі жүрекшелер мен қарыншалардан тұратын жүрегінің болуымен ерекшеленеді, қан айналу жүйесі ашық, яғни қан өз жолында лакуна мен синус түтіктерінің жүйесінен өтеді.

Тыныс алу жүйесі – алғашқы желбезектер – ктенидиялар түрінде болады, бірақ кейбір түрлерінде олар жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты – өкпе атқарады.

Зәр шығару жүйесінің қызметін жүрек маңы қапшығымен байланысқан түрі өзгерген целомодукталар немесе бүйректер атқарады.

Нерв жүйесі шашыранды–түйінді. Төменгі сатыдағы моллюскалардың нерв жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақина – коннективадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады, ал жоғарғы сатыдағы моллюскалардың нерв клеткалары шоғырланып дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін құрайды, олар: жұп бас ганглиясы – церебральді, аяқ – педальді, тұлға – висцеральді, өкпе – плевральді, аралық – париетальді. Ганглиялардың өзара жалғасуынан жүйке бағаналары түзіледі де бүкіл мүшелерге тарамдалады.

Жыныс жұйесі моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, гермафродиттер де кездеседі. Жыныс диморфизмі байқалмайды.

Дамуы жұмыртқаның бөлшектенуі спиральді, детерминативті жолымен жүреді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің жұмыртқасынан трохофора личинкасы, ал көпшілігінде түрі өзгерген трохофоралық личинка – велигер (латынша velum – желкен) шығады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет