Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет66/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Химератәрізділер отряды. Отряд 3 тұқымдасқа бірігетін 30-ға жуық түрді біріктіреді. Бұл отрядқа ұзындығы 60 см-ден 2 м-ге жететін терең су қабатында мекендейтін балықтар жатады. Тұтасбастылардың қазіргі өкілдерінің денесі ұршықтәрізді, екі бүйірінен біршама қысыңқы. Денесі жалаңаш, сілемеймен жабылған, ал плакоидты қабыршақтар тек птеригоподияларда, арқа

қанатында тікенектәрізді және майда сақина түрінде, оның ішінде «бүйір сызығы» жүйелерінің өзектері жатады, сақталған. Қысқа және биік бірінші арқа жүзбе қанаты тікенімен бірге қайырылып арқадағы ойыққа жинала алады. Кейбір түрлерінде арқа тікенегінің түбінде улы безі болады. Екінші, қайырылмайтын арқа жүзбе қанаты, құйрық қанатының басталған жеріне дейін созылып жатады. Жұп жүзбе қанаттарының түбі етті. Құйрығы – гетероцеркальды, немесе ұзын, жіңішкеріп аяқталатын жіпшетәрізді. Химералар денесінің құйрық бөлімін ирелеңдету және кеуде жүзбе қанаттарының толқынтәрізді қозғалуы арқылы жүзеді. Тұмсығы доғал. Аузы кішкентай, астыңғы, үстіңгі ерні үшқалақты. Негізгі қорегі – су түбі омыртқасыздары: моллюскалар, крабтар, офиуралар және теңіз кірпілері. Қорегін тұтастай жұтпайды, тіс тақтайшаларының көмегімен тістеп алады немесе ұсақтайды. Аталықтарында екі айыр немесе үш айыр птеригоподиялары болады, олар плакоидты тісшелермен жабдықталған. Аналықтары аталықтарына қарағанда үлкен. Бір мезгілде бір немесе екі үлкен жұмыртқа салады, олар ұшында жіптәрізді өсінділері бар қалың мүйізтектес қапшықпен қапталған. Инкубациялық кезең 9-12 айға созылады. Европа химерасы (Chimaera monstrosa) Шығыс Атлантиканың қоңыржай суларында мекендейді, ұзындығы 1,5 м-ге жетеді. Бауыр майының емдік қасиетиі зор. Ұзындығы 15-18 см болатын жұмыртқасын жыл бойы салады. Chimaera barbouri Жапония, ал Chimaera colliei Америка жағалауларында мекендейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет