Скаттардың отрядтары: Аратұмсықты скаттар: 7 түрді біріктіретін бір ғана тұқымдас жатады. Сыртқы түрі аратұмсықты акулаларға ұқсас, ерекшелігі сезгіш мұртшалары болмайды. Тұмсығы ара пішінді ұзын оның жиектерінде ірі тістері болады, бірақ онда мұртшалары болмайды. Әдетте тропикалық және субтропиалық теңіздердің тайыз жерлерінде тіршілік етеді. Өкілдері:кәдімгі аратұмсық не арабалық, Австралия аратұмсығы.
Рохлетектес скаттар:оған 50-ге жуық түрді біріктіретін 2 тұқымдас жатады. Пішіні
жағынан акулалар мен скаттардың аралық формасы болып табылады. Тропикалық теңіздердің жағалау маңы аймақтарында тіршілік етеді. Өкілдері: акулақұйрықты скат, гитаратәрізді скат.