Акулалардың негізгі отрядтары:
1. Көпжелбезекті акулалар: бір тұқымдас 5 түрі бар. Тропика мен субтропика су қоймаларының терең қабатында тіршілік етеді. Балықтармен, басаяқты ұлулармен қоректенеді. Өкілдері: қоңыр алты желбезекті акула, жеті желбезекті акула.
Түрлі тісті акулалар: 7 түрі белгілі. Тынық, Үнді мұхиттарының жылы әрі қоңыржай суларында мекендейді. Өкілдері: Жапондық өгіз акула, Калифорниялық мүйізді акула.
Ламнотектес акулалар: 6 тұқымдасының 20-шақты түрі бар. Өкілдері: кәдімгі майшабақтәрізді акула, кархародон немесе үлкен ақ акула, сынатұмсық аула, кәдімгі теңіз түлкісі.
Аратісті акулалар: 7 тұқымдасқа бірігетін 150-ге жуық майда, орташа, өте ірі акулалар жатады. Өкілдері: киттәрізді акула, алып балғабас акула, кәдімгі балғабас акула, кәдімгі мысықтәрізді акула, жолбарыстүсті акула, сусартүсті акула, сорпалық акула, алып акула.
Достарыңызбен бөлісу: |