Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет58/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

VI.Әкетуші жүйкелер сопақша мидан басталып, көз алмасының сыртқы тік бұлшықеттеріне таралады.

VII. Бет жүйкелері – сопақша мидан басталып, ауыз қуысына, жақ және тіласты доғаларына таралады.

VIII. Есту жүйкелері – сопақша мидан басталып, ішкі қүлаққа таралады.

IX.Тіл жұтқыншақ жүйкелері – сопақша мидан басталып, тіл мен жұтқыншаққа таралады.

X.Кезеген жүйкелер – сопақша мидан басталып, барлық ішкі мүшелерге таралады.

Сезім мүшелері. Иіс сезу мүшесі – жұп танау тесігі. Көру мүшесі – жұп көз. Көз алмасының қасаң қабығы жазық, көз бұршағы шар пішінді. Есту мүшесі – ішкі құлақтан тұрады. Онда үш жарты иірім өзекшелер бар. Бүйір сызығы жақсы дамыған.

Зәр шығару жүйесі: жұп бүйрек (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзектері) және клоака.

Ыдырау өнімдері негізінен қаннан, ал амиак желбезектерінен бөлінеді.



Жыныс жүйесі: дара жынысты, іштей ұрықтанады. Аналықтарында жұп аналық без, жұп жұмыртқа жолы клоакаға ашылады. Жұмыртқалары ірі әрі сарыуызға бай. Аналықтарының жұмыртқа жолы мен несепағарлары бір-бірімен байланыспайды. Аталықтарында жұп аталық безі, жұп тұқым жолы клоакамен аяқталады. Аталықтарының несепағарлары (вольф өзекшелері) арқылы зәр заттары және жыныс өнімдері өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет