6.1. Сүйекті балықтардын жіктелуі.
І-класс тармағы. Сәулеқанаттылар. Қазіргі кезде кеңінен таралған балықтар осы класс тармағына жатады. Жұп жүзбеқанаттарының негізінде бұлшықетті қалақтары болмайды. Миының күмбезінде жүйке жасушалар шоғыры жоқ. Бұл класс тармағы 2 отряд үстіне бөлінеді.
1. Ганоидты балықтар – ертеден келе жатқан шағын топты құрайды. Біліктік қанқасы – хорда. Қанқасында шеміршек басым, тоқ ішегінде спиральды қатпарлар бар, сушашқыш тесіктері айқын. Денесі қарапайым ганоидты қабыршақтармен қапталған. 4 отрядқа бөлінеді:
а) Бекіретектестер отряды. Көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсас (тұмсығы, құйрық жүзбеқанатының пішіні, хорданың өмір бойы сақталуы, тоқ ішегіндегі спиральды қатпарлар, артериялды конус). Бекірелер – өрістегіш (анадромды) балықтар (теңізден өзенге көтеріледі). Кәсіптік мәні зор, қара уылдырық алынады, еті бағалы әрі дәмді. Каспий Азов, Қара теңіздерде таралған. Бекірелердің 17 түрі бар (қортпа, қызыл балық – шоқыр, пілмай, сүйрік, күректұмсықтар және т.б.). Бекірелердің денесінде ұзына бойы орналасқан 5 (кейде үш) сүйекті ірі шытыралары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |