Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


отряд үсті - саусаққанаттылар



бет73/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

отряд үсті - саусаққанаттылар. Бұл балықтар ерте кездерде кеңінен таралған. Кейіннен көптеген түрлері жойылып кетті. Қазіргі кезде онын бір ғана түрі – латимерия сақталған. Онын жұп жүзбеқанаттарының негізінде бұлшықетті қалақтары жаксы дамыған. Бұл балықтар екі бағытта дамыған. Оның бір тармағы мұхиттарда екінші рет тіршілік етуге бейімделген. Ал, екінші тармағы құрлықта тіршілік етуге бейімделіп, қосмекенділердің шығуына жол ашты.

6.2. Балықтардың экологиясы. Балықтардың сулы ортада тіршілік етуіне бейімделуі Балықтардың тіршілігі үшін суда еріген оттектің болуының маңызы зор. Балықтар оттекті

пайдалану ерекшеліктеріне сәйкес 4 топқа бөлінеді: а) оттекті өте көп пайдаланатын балықтар;ә) оттекті көп пайдаланатын балықтар; б) оттекті шамалы мөлшерде пайдланатын балықтар; в) оттекті аз мөлшерде пайдаланатын балықтар.

Су –тіршілік ортасы болғандықтан тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады. Ондай ерекшеліктеріне: 1) Судың қозғалыста болуы. 2) Су температурасының өзгергіштігі. 3) Газдарды еріту қасиеттері. 4) Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).


    1. Су орталығының қозғалыста болуы. Судың үздіксіз қозғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Сонымен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады. Су орталығының осындай ерекшелігі балықтардың тіршілігіне әр түрлі жолмен әсер етеді. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде балықтардың пішініне, қанаттарының дамуына, дене жабындарының сипатына әсерін тигізеді. Мысалы, ағыны қатты тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың формасы ұзынша торпеда тәрізді болады (форель балығы). Ақпайтын немесе жай ағатын суларда тіршілік ететін балықтардың тұрқы қысқа, денесі екі жағынан қысылған болады, мысалы – қарабалық, сазан тағы басқалары.

Судың қозғалғыштығы балықтардың, бір жерден екінші жерге ауысуына, еріксіз араласуына себепші болады. Сол сияқты судың қозғалысы қоректік заттардың – планктондардың еріксіз қозғалуына, оған байланысты балықтардың да қозғалып, еріксіз араласуына себепші болды.

Температураның өзгергіштігі – жер бетіне қарағанда судың температурасының өзгеруі азырақ болады. Судағы температураның жағдайы өзгеше болады. Сондықтан балықтар бұл ортадан жер бетіндегі температураға қарағанда әлде қайда төмен температурада тіршілік етеді. Сонымен қатар температура + 50° шамасындай ыстық бұлақтарда да тіршілік ететін балықтардың түрлері бар. Бірақ көпшілік жағдайда балықтар кездесетін ортадағы температураның жоғарғы шегі

  • 30, + 40 С° әлдеқайда төмен болады. Әсіресе, өте тұзды мұхит суларының төменгі қабаттарының температурасы – 2 градустан төмен болмайды. Олай болса, балықтар тіршілік ететін судың, яғни ортаның нағыз амплитудасы 35 – 45° тең болады.

Суда мұз қабатының пайда болуы. Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді. Соның салдарынан су түбіне дейін қатпайды. Бұл балықтардың қыс кезінде температурасы өте төмен болатын облыстарға таралуына мүмкіндік береді.

Мұз қабатының балықтардың тіршілігіне зиян келтіретін әсері де жоқ емес. Мұз су бетін түгелдей жауып, қараңғылап, балықтарға қорек болатын организмдердің өсуін баяулатып, тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Оларға көбінесе жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, әсіресе балықтар қорек ететін омыртқасыздар жатады.

Мұз қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына үлкен кедергі жасайды. Қыс кезінде көптеген су қоймаларында шіру процесінің салдарынан су ішіндегі оттегінің мөлшері өте азайып кетеді де, балықтар қырылып қалады. Мұндай құбылыс балықтардың тұншығуы деп аталады.

Балықтардың негізгі экологиялық топтары. Балықтарды экологиялық жағынан топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. Бірақ көптеген оқымыстылар: К.Ф.Кисслер (1877), Н.А.Смирнов (1912-1924), А.А.Браунер (1923), В.И.Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше экологиялық топтарға топтастырған.


    1. Теңіз балықтары. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынандай топтарға бөлуге болады.

1. Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде өзара араласып жататын балықтар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді де, көбінесе актив жүзеді. Оларға акулалар, сардиналар, макрелдер жатады. Кейбір түрлері мысалы, айбалық судың қозғалысына байланысты пассив қозғалады.

2. Литоральдық – су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жауларынан қорғанады және қоректерін табады. Әр түрлі тереңдікте таралған скаттар, камбалалар, тана балықтар өте тайыз жерлерде, химералар бірсыпыра тереңдікте кездеседі. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қозғалуына байланысты тікен, қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреуінде (кузовкалар) қалың сауыт негізделген.

3. Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 м. төмен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, өте тұздылық, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Абиссиальдық балықтарда көз болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.

ІІ. Тұщы су балықтары. Тек қана тұщы суларда тіршілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпайтын балықтар жатады. Су қоймаларының типтеріне қарай тұщы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.

1. Ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік ететін балықтар (табан, қарабалық, сигалар).

2. Жалпы тұщы, ақпайтын және ағын су балықтары (шортан, алабұға).

3. Ағынды су балықтары (форель, аққайран).

ІІІ. Өткінші балықтар. Тіршілік стадияларының циклдеріне байланысты бір бір мезгілінде теңізде, екінші мезгілінде өзенде тіршілік етеді. Барлық өткінші балықтар өсу, жыныс өнімдерінің жетілу кезеңін теңізде өткізеді де, уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұған лосось тәрізділер (кета, горбуша, семга) бекіре балықтар (бекіре, құртпа балық), кейбір майшабақтар мысал болады. Керісінше өзен угрларының көбеюі теңізде болады да, уылдырық шашуға дайындалу мерзімі өзенде өтеді.

IV. Жартылай өткінші балықтар. Теңіздердің өзен құятын, тұщы бөліктерінде тіршілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерде миграция жасамай тұщы суларда тұрақты тіршілік ете береді.

Балықтар миграциясы. Басқа организмдер сияқты балықтардың өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай керек

болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Міне, осындай әрбір тіршілік процесіне қолайлы жағдайды іздестіру нәтижесінде, тіршілік еткен ортасын алмастырып, орын ауыстыруға тура келеді. Тіршілік әрекеттеріне қолайлы жағдай іздестіріп, балықтардың орын ауыстыруын – миграция деп атайды.

Миграция – әр түрлі мақсатқа сәйкес түрліше болады. Жалпы миграция пассивті және активті болып екі түрге бөлінеді. Ол өз тарапынан уылдырық шашу, қоректік зат, қысты өткізу орнын іздеу миграциясын қарастырады.

Пассивті миграция – су ағынының ығымен жайлап ағып, балықтардың тіршілік еткен орнын ауыстырған миграцияларын – пассивті миграция деп атаймыз.



ктивті миграция – пассивті миграцияға қарағанда жиірек кездеседі. Мұндай жағдай негізінен көбею, қоректену және қыстап шығу барысында орындалады. Балықтардың қозғалыс әрекеті нәтижесінде әр түрлі кедергіні жеңіп, орын алмастыруын активті миграция деп атайды.

Уылдырық шашу миграциясы. Уылдырық шашу миграциясы кезінде балықтар теңізден өзенге немесе керісінше өзеннен теңізге келеді. Уылдырық шашу үшін теңізден өзенге келу миграциясын анадромдық миграция деп атайды. Ал керісіншесін катадромдық миграция деп атайды.

Қорек іздеу миграциясы барлық балықтарға тән миграция. Шағын көл, тоспа суларына қарағанда үлкен теңіздердегі өткінші балықтар қоректік заттар іздеп ұзақ жол жүзуге мәжбүр болады.

Қыстақ іздеу миграциясы. Балықтардың көпшілік түрлері, қысқа таман су температурасы төмендей бастаған кезде, активтілігі бәсеңдейді, тіпті қалғып, шала ұйқыға кетеді. Бұл кезде өздерінің жайылып жүрген жерлерінен қыстап шығуға ыңғайлы ықтасын жерге (ыңғайлап) жиналып, шұңқырлау жерін таңдап алып, соған қыстап шығады. Міне осындай миграцияны қыстақ іздеу миграциясы деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет