Қанайналым жүйесі: шеміршекті балықтарға ұқсас, құрсақ қолқасының кеңейген алдыңғы бөлігі – қолқа жуашығы деп аталады. Сол бүйректе ғана вена қақпа торы түзілген.
Жүйке жүйесі: сүйекті балықтардың миының құрылысы шеміршекті балықтарға қарағанда едеуір қарапайым, әрі миы шағын. Алдыңғы миы кіші. Мидан 10 жұп жүйке тарайды.
Сезім мүшелері – шеміршекті балықтарға ұқсас.
Зәр шығару жүйесі: жұп дене бүйрегі, жұп несепағар, сыңар қуық және зәр шығару тесігі болады.
Жыныс жүйесі: аналықтарының жұмыртқа жолы болмайды, ал аталықтарының тұқым бездері бүйрекпен байланыс-пайды және несепағармен жыныс тесіктері сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді:
1.Сәулеқанаттылар; 2. Қалаққанаттылар.
Достарыңызбен бөлісу: |