ә) Көпжүзбеқанаттылар. Олар Африканың тропикалық аймақтарында таралған. 10-нан астам түрі бар. Арқа жүзбеқанаттары көптеген ұсақ жүзбеқанатшалардан тұрады. Сушашқыш тесігі, торсылдағы бар. Көкірек жүзбеқанаттарынын негізінде бұлшықетті қалақтары жақсы дамыған.
б) Амиетектестер отрядының бір ғана түрі (балшық балығы) бар. Ол Миссисипи өзенінде таралған.
в) Сауыттылар отрядының 7 түрі Солтүстік және Орталық Американын тұщы суларында таралған.
Отряд үсті - нағыз сүйекті балықтар. Бұл отряд үстінің 36-дан астам отряды бар: майшабақтектестер, албырттектестер, шортантектестер, угортектестер, тұкыттектестер,
кефалтектестер, саргантектестер, трескатектестер, тікентектестер, ала-бұғатектестер, камбалатектестер т.б,
II класс тармағы – Қалаққанатты балықтар 2 отряд үстіне бөлінеді:
Отряд үсті – Қостыныстылар: өзендерде тіршілік ететін балықтар. Хорда – ішкі қаңқаның қызметін атқарады. Жұп жүзбеқанаттарынын негізінде тіректік терілі қалақтары болады. Оның бір ғана отряды – мүйізтістілер деп аталады. Оған бірөкпелі және қосөкпелі балықтар жатады. Бірөкпелілер – Австралия-нын солтүстік-шығысындағы өзендерде таралған. Қосөкпелілер-Африканың тропикалық өзендері мен Оңтүстік Американың Аманзонка бассейндерінде кездеседі,
Достарыңызбен бөлісу: |