Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Қазіргі сүтқоректілердің жіктелуі



бет118/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Қазіргі сүтқоректілердің жіктелуі

Сүтқоректілердің жүйеленімі

Сүтқоректілер (аңдар)-Mammalia (Theria)-Млекопитающие (звери)



1 класс тармағы (подкласс)




2 класс тармағы (подкласс)

Алғашқы аңдар -

Нағыз аңдар –Theria (настоящие звери)

Prototheria(Первозвери)










отряд

1 инфракласс




2 инфракласс

Біртесіктілер -

Төменгі сатыдағы аңдар –

Жоғары сатыдағы (үрықжолдастылар)

Monotremata(однопроходные)

Metatheria (Низшие звери)

аңдар –Theria Высшие (плацентарные)










звери

1 тұқымдасы (семейство)

Отряд




18 отряды бар

Ехидналар –Tachyglossidae (ехидны)

Қалталылар - Marsupialla







(Сумчатые)







2 тұқымдасы (семейство)






















Үйректұмсықтылар –










Ornithorhynchidae (Утконосы)










Қазіргі кезде сүтқоректілердің 4500-нан астам түрі белгілі. Олар 2 класс тармағына бөлінеді:

  1. Алғашқы аңдар. Оған бір ғана – біртесіктілер отряды жатады.



  1. Нағыз аңдар класс тармағы екі инфракласқа бөлінеді: а) төменгі сатыдағы аңдар. Оған бір ғана – қалталылар отряды жатады; ә) жоғары сатыдағы аңдар инфракласына 18 отряд топтастырылған.

Алғашқы аңдар класс тармағы. Бұған құрылысы қа-рапайым сүтқоректілер жатады. Олар етредегі аңтектес жорғалаушыларға туыстық жағынан жақын топ болып саналады. Олардың етті еріндері болмайды. Ересектерінде тістері жойылған, оның орнына мүйізді тақташалар пайда болған. Терісі түкпен қапталғанына қарамастан дене температурасы тұрақсыз (+22 + 37° С арасында ауытқып тұрады), яғни қоршаған ортаның температурасына тәуелді. Алғашқы аңдар жұмыртқа салып көбейетіндіктен оларды жұмыртқа салушы сүтқоректілер деп те атайды. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасының дамуының көп уақыты аналық организмнің жұмыртқа жолында өтеді. Үйректұмсықтар жұмыртқасын басады, ал ехидналар жұмыртқасын арнайы тері қалтасына салып жүреді. Алғашқы андардың бір ғана отряды (біртесіктілер) бар. Олар Австралияда, Тасмания мен Жаңа Гвинея аралдарында ғана таралған. Олар 2 тұқымдасқа бөлінеді:

а) үйректұмсықтар; ә) ехидналар. Үйректұмсықтардың бір түрі сақталған. Ол жартылай суда тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы жалпақ мүйізді тақташамен қапталған. Ол 2-3 жұмыртқа салады. Жұмыртқасының дамуының көп уакыты (15 күндей) аналық организмде өтеді.

Ехидналардың 2 туысы (ехидналар және проехидналар) бар. Олар құрлықта ін қазып тіршілік етуге бейімделген. Аяқтарында өткір тырнақтары болады. Денесі қатты өткір ине тәрізді ұзын 6-8 см-дей түктермен қапталған. Проехиднаның тұмсығы ұзынша, төмен қарай иілген мүйізді тақташадан тұрады. Біртесіктілердің саны аз, ертеректе ұлпаны үшін көптеп ауланған. Қазір оларды аулауға тиым салынған және қатаң қорғауға алынған.

Төменгі және жоғары сатыдағы аңдарға жалпы сипаттама.



Нағыз аңдар класс тармағына жататын сүтқоректілер ұрпағын тірі туады. Олардың сүт бездері түтік тәрізді емес, көпшілігінде етті еріндері бар. Оларда клоака болмайды, сондықтан олардың аналь, зәр, жыныс тесіктері сыртқа жеке ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет